Тоқаев: Карантин режимі сақталады

2426

Қазақстанда коронавирустың таралу қаупі сақталып отыр. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, - деп хабарлайды "Адырна" Tengrinews.kz ке сілтеме жасап.

« Коронавирус індетіне қарсы күрестегі оң нәтижеге қарамастан, оның таралу қаупі сейілген жоқ. Азаматтарды денсаулықтарына зиян келтірмеу үшін, әсіресе, көпшілік жиналатын жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамын. Карантин режимі жеңілдетілгенімен, әлі де сақталуда.», - деп жазды Тоқаев өзінің Twitter-інде.

Бұған дейін Алматы, Нұр-Сұлтан және бірқатар қалаларда карантиннің жеңілдегені хабарланған болатын

25 мамырда Алматыда сауда орталықтары мен жазғы кафелер жартылай жұмыс істейді. Атап айтқанда, азық-түлік сатпайтын бутиктер, сұлулық салоны, химиялық тазалау және ПД аумағында орналасқан сауда орталықтары өз қызметін қайта жандандырады. Кейбір қонақүйлер де жұмыс істейді. Бұл жатақханаларға қатысты емес.

«2020 жылдың 20 мамырынан бастап, Нұр-Сұлтан және Петропавловск қалаларында сауда-ойын-сауық орталықтарының (ойын-сауық орталықтары, тамақтану орындары, кинотеатрлар) және қоғамдық моншалардың жұмысын қайта бастаймыз», - делінген мемлекеттік комиссияның хабарламасында.

 

Пікірлер
Редакция таңдауы