Қазақ ұлы тарихты иемденуден қаймығып отыр

3722
Adyrna.kz Telegram
Осман империясының бағындырған жері біздің бабаларымыздың жаулап алып Ордалы хандық құрған жерінің жартысының жартысына жетпейді екен.
Бату 1236 - 37 жылдары өзінің Еуропаға жасаған жорығында жасындай жарқырап ол құрлықта өзіне тең келер қолбасшы, өз әскеріне теңдесер әскер таппаған еді. Жайпап өте салды.
Тіпті, Алтын Орданың өзара тартыстан құлдыраған ең бір қиын кезеңінде (1399 жылы) маңғыт Едіге мен Темір Құтлық хан Ворскла өзенінің бойында біріккен Еуропа әскерімен кездесіп, оларды сол ұрыста тас - талқан қылып жеңіп Польшаға шейін қуып тастады.
Жалпы, ордалықтар туралы түрлі аңызды жыр ғып айтқан еуропалықтар олармен бетпе бет кездесуден өлердей қорыққан екен.
Ал сол Еуропа құрлығы Осман отаман сұлтандарымен ылғи итжығыс түсіп соғысты та жүрді, екі қолы жағасында кетті.
Баяғыда бабаларымыз ордалықтарды өздеріне Осман сұлтаны, Литва мен Московия княздері, парсы шаһтары да сонау алыстан аттай қалап өздеріне әскери қызметке қымбатқа алдырып, өздері соны дәреже көрген екен.
Ал бүгін сол Анадолы түріктері, керемет тарихи кинолар түсіріп жүр, басқа жұрт та соны өліп көріп жатыр. Орыстың өзі Сүлейменді сүйіп көрді.
"Сүлеймен" , "Ертұғырыл"...
Кино жақсы шықса, оны бәрі көреді екен.
Өкінішке орай, бұлар соны түсіре алмай отыр, бұл бір. "Келинка Сабина"дейді, солар тренд боп отыр.
Екіншіден, бұлардың тарихи аясы сол ұлы тарихты иемденуден қаймығып ұлыстық сұлтандармен (Керей мен Жәнібек) шектеліп қана қалды, яғни идеологиялық аумағы тар.
Ал былай аңызға бергісіз бабалар тарихын жырлайтын халық біз ғой..
Олжас Әбіл
Пікірлер