Алдағы тәулікте республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ пен дауыл болуы ықтимал
Төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлері қазақстандықтарды алдағы екі тәулікте республиканың бірнеше өңірінде жарияланған дабылды ескертулерге барынша мән беруге шақырады.
Синоптиктердің ескертуіне сәйкес, жауын-шашынның болуына және кей жерде жаңбырдың қатты жаууына байланысты, 18-19 мамыр күні Алматы, Түркістан облыстарының таулы аудандарында және Алматы қаласына іргелес аймақтарда өзендерде су деңгейі көтеріледі және су тасқыны болады.
18 мамырда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл болып, бұршақ жауып, секундына 15-20 метр жел соғады.
Шымкентте жаңбыр қатты жауып, күн күркіреп, бұршақ жаууы ықтимал, желдің жылдамдығы – 15-20 м/c.
Қостанай облысының кей жерінде жаңбыр жауып, күн күркірейді, тұман түседі, бұршақ жауады, секундына 15-20 метр жел соғады.
Қызылорда облысының көп бөлігінде жаңбыр жауып, кей жерлерде күн күркірейді, жел екпіні 15-20, кей жерлерде секундына 23-28 метрге дейін жетеді.
Маңғыстау облысының кей жерінде тұман түсіп, найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы – секундына 15-20 метр.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай ойнап, дауыл болады, бұршақ жауып, тұман түседі, жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғады.
Түркістан облысының таулы аймақтарында кей жерде жаңбыр қатты жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, жел екпіні – 23 м/с.