"Сағынтаевқа масқара!": Адвокат Джохар Утебеков Денсаулық сақтау министрлігіне үндеу жолдады

2487
Adyrna.kz Telegram

Тіпті, температурамды өлшеу үшін термометр сұрап алуыма тура келді. Үйде әлдеқайда тезірек емделер ме едік.

Коронавирус жұқтырып алған белгілі қазақстандық адвокат Джохар Утебеков Алматыда жаңадан салынған инфекциялық арухананың ұйымдастыру жұмыстарына көңілі толмайтынын жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желіде белсенді адвокаттың Facebook парақшасындағы жазбасына көзжүгіртсек, ол "мұнда тіпті, пациенттердің өзін тексермейтін болса, оны неге біздің қомақты қаражатымызға салды? Бұл дегеніміз - қызу жұмыстың жүргізіп жатқанына көзбояушылық" деп ашынды.

Мұнымен қоймай, Денсаулық сақтау министрлігіне үндеу жолдады.

"Шыдамның да шегі бар. Мынау жаңа инфекциялық аурухана ма, қандай масқара!

1. Маған өкпенің компьютерлік томографиясы тек дүйсенбіде жасалады. Бүгін сенбі, дәрігерлер демалып жатыр.
Мен пандемиясыз-ақ бірде-бір күн демалысым жоқ екендігін айттым. Олар клиника толып, қиналып тұрғандай сыңай танытады.
2. Ақырында КТ нәтижесінде 5 күн күту керек. Осы уақыт аралығында өзім-ақ жеке клиникаға барып тапсыра алатын едім.
3. Дәрігерлерді сол күйі көрген жоқпын. Олар демалуда.
4.Сатурацияны өлшеуді (қанның оттегімен қанықтылығы) өзім сұрап алуыма тура келді. Бүгін мені ешкім тексермейді. Жағдайымның нашарлауын байқамай қалуым да мүмкін.
5. Тіпті, температурамды өлшеу үшін термометр сұрап алуыма тура келді.
6. Жаңадан салынған ауруханаға ешқандай шағымым жоқ. Бірақ, мұнда тіпті, пациенттердің өзін тексермейтін болса, оны неге біздің қомақты қаражатымызға салды? Бұл дегеніміз - қызу жұмыстың жүргізіп жатқанына көзбояушылық. Үйде әлдеқайда тезірек емделер ме едік.
7. Есесіне, ВИЧ індетін жұқтырған адамдарға арналған ауыр Aluvia препаратын менің жазбаша рұқсатымсыз егіп жіберіп, Денсаулық сақтау басқармасының хаттамасын бұзып отыр. Мен оны игеруім керек пе еді?
8. Әйелім мен балаларымды екі күннен бері палатаға кіргізбеуде. Әлде бізден бірдеңе күте ме?

Неге біздің Алматының әкімі және қалалық денсаулық сақтау басқармасы осындай? Тіпті, жаңа аурухана жұмысын ұйымдастыра алмайды. Сағынтаевқа масқара!

Мен Денсаулық сақтау министріне жүгінемін! Мына жерге тексеру жіберіңіздер! Мен қазірдің өзінде қымбат КТ сканерлеуі буланған деп күдіктенемін! Мен қазірдің өзінде қымбат КТ сканерлеуі былғанған деп күдіктенемін. КТ орындалды. Менде екі жақты пневмония. Дәрігерлер мұқият қарап, бәрін өлшеді, оларға рақмет. Емдеу қиын болады", - деді адвокат желідегі жазбасында.

Естеріңізге сала кетсек, танымал адвокат Джохар Утебеков коронавирус диагнозымен ауруханаға түсіп, емделіп жатыр.

Пікірлер