"Карантиннің уақытын созу керек"

4399

Саясаттанушы Ерлан Саиров мемлекеттік комиссияға коронавирустың өршуіне байланысты төтенше жағдайды тоқтатып, карантинді ұзартуды ұсынды. бұл туралы ол өзінің Фейсбук парақшасында жазды.

"Төтенше жағдай жөніндегі Мемкомиссияның назарына!
Пандемия жәй болса да, өсіп барады.
Кешелі-бүгін көшеде жүрген халық маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау мәселесін ұмытып кеткен тәрізді.
Тоқмейілсуге болмайды.
Эпидемия біткен жоқ. 
"Қазақылыққа" салынып жүргенде, мәселе өршіп кетуі мүмкін.
Осы орайда, Төтенше Жағдай жөніндегі Мемкомиссияға келесі ұсыныстар.
1. Төтенше Жағдайды тоқтатып, карантиннің уақытын созу керек.
2. Адамдар ертеңнен жұмысқа шыққан жағдайда маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, антисептиктерді пайдалану мәселесінің нормасын бекіту маңызды.
3. Офистер мен бизнес- орталықтарға маскасіз кіруге, антисептиктерді жиі пайдалану мәселесін реттеу абзал.
4. Халыққа теледидар, әлеуметтік желілер арқылы санитарлық нормаларды сақтаудың маңызы жөнінде қүлақтандыруды жалғастыру керек.
5. Маска, антисептик, әлеуметтік қашықтық мәселесі бойынша хабарландыру, бейнероликтер, радио хабарлама жасауға шұғыл кірісу керек.
Бұл іс- шараларды іс- жүзіне асырмаса, жағдай ушығып кетуі мүмкін.
Олай болса, эпидемиологиялық жағдай ауырлап, халықтың жағдайы қиындайды" деп жазба қалдырған саясаттанушы.

 

Пікірлер
Редакция таңдауы