Францияда төтенше жағдай режимі шілдеге дейін ұзартылды

2723
Adyrna.kz Telegram

Фото: REUTERS

Франция парламенті елде төтенше жағдай режимін шілденің 10-ына дейін ұзарту туралы заң жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Дереккөз мәліметінше, осыған дейін құжат Франция сенатында дауысқа салынған болатын. Оны 252 парламент мүшесі қолдаса, 87 депутат қарсы шыққан.

Дегенмен Францияда үкіметінің төтенше жағдай режимі кезінде парламентпен ақылдаспай-ақ әлеуметтік қозғалысты шектеп, кейбір кәсіпорындарды жауып немесе коменданттық сағат орнатуы мүмкін екені айтылады.

Айта кетейік, жалпы Францияда пандемияға байланысты төтенше жағдай режимі наурыздың 24-і басталған болатын. Елде бүгінде коронавирус жұқтырғандардың саны 139 мыңнан асқан, ал қайтыс болғандардың саны 26 мыңнан асады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер