Беларусь мемлекеті ресейлік журналистерді қуып шықты

4199
Adyrna.kz Telegram

Ресейдің бірінші арнасының түсірілім тобы (корреспондент Алексей Кручинин мен оператор Сергей Панасюк) Беларусьте коронавирустың ахуалы туралы сюжет түсіргені үшін Беларусь мемлекеті аккредитациядан айырды. Бұл туралы "Адырна" "Тенгриньюс-ке" сілтеме жасап хабарлайды.

Кручининнің аккредиттеу картасы жойылды. Яғни, ол енді Беларусьте журналист бола алмайды. «Мені елден шығарып жіберді, мен қазір Ресейдемін» деген TUT.BY-ге берген жауабында журналист.

Беларусь СІМ аккредиттеу құқығынан айырудың себебі «шындыққа жанаспайтын ақпарат тарату, азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіреді» деп мәлімдеді.

Бірінші арна өзінің корреспондентінің шығарылғанын және бүкіл экипаждың аккредитациядан бас тартқанын растады. «Біз Беларусь билігінің бұл әрекетін мүлдем негізсіз деп санаймыз», - деді арнаның баспасөз қызметі.

6 мамырда таңертең "Бірінші арна" Беларусьте коронавирус жұқтырған адамдар мен өлім жағдайларының күрт өскені туралы айтты. Сюжетте «жергілікті тұрғындардың ресми статистикасы шындыққа жанаспайды» деп көрсетілген. Сурет ретінде жергілікті зираттың панорамалық суреті түсірілді.

6 мамырда кешке «Беларусь 1» мемлекеттік арнасы ресейлік әріптестерінің  сөзін өтірік деп айыптаған репортажы жарияланды.

«Пандемия басталғалы бері "Бірінші арна" Беларусь  жайлы бірнеше рет жұртты қорқытатын хабар шығаруға тырысты, және бұл әрдайым жалған болып шықты. "Бірінші арналық жолдастар» бұларыңыз ұят, - делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 7 мамырда Беларусьте 20 168 адам COVID-19  тіркелген. Өткен тәулік ішінде өсім 913 жаңа жағдайды құрады.

Бұрын COVID-19 диагнозы қойылған 5067 пациент жазылып, үйіне жіберілді (күніне 679). Елде инфекцияның таралуының бүкіл кезеңінде 116 науқас қайтыс болды.

Пікірлер