"Ұлы көштің" уақыты келді

1184

ҚР президенті Қ.Тоқаев мырзаға!
Үкімет басшысы А.Мамин мырза!
Түркістан обл әкімі Ө. Шөкеев мырзаға!

Барлық тасқыннан жапа шеккен елдімекендердің тұрғындарын солтүстікке көшіруді ұсынамын. Бұл ойдың дұрыстығын көрсететін 10 себебін айтайын.

1) Су басқан аймақтарда судың биіктігі 1-3 метірге дейін жеткенін білеміз. Ол судың орнына дәл биыл құрлыс жұмыстарын жүргізу қаншалықты дұрыс?

2) Жерасты суының жоғарғы қабаты өте жақын орналасқан. Дарияның суы көтерілгенде ол өзгеріп отырады.

3) Су басқан аймақтың орнына қанша уақыттан кейін құрлыс салуға болады?

4) Адам саны тығыз орналасқандықтан, жер телімдерінің тапшылығы жоғары.

5) Болашақта болуы мүмкін апаттардың зардабының қауіпі жоғары болып қала бермек.

6) Толық қалпына келтіру жұмыстарына кететін шығынның көптігі. Өйткені, фундаменттен бастап шатырына дейін сапалы құрлыс жұмысын жүргізу, өте үлкен қаржыны талап етеді.

7) Солтүстіктегі босап жатқан ауылдардан тегін үймен жер беріп, диханшылық жұмыстарымен айналысуларына мемлекеттік қолдау жасалса, ауыл-аймақ болып көшіп барып сіңісулері жеңіл болмақ.

8) Ол жаққа барғанда кадрлік тапшылық болмайды. 30 000 жанұяны солтүстікке көшіру арқылы, сол жақты қазақыландыруға үлкен екпін береді. Өйткені, мүғалімідер мен әкімшілік қызметкерлері, медицина мамандары, құқық қорғау сала қызметкерлерінің барлығы сол көшпен бірге барады.

9) Ол жақта дихандардың өнімдерін ресейдің нарығына шығаруға оңай, әрі шығыныда аз болмақ. Бұл деген сөз --- өнімнің ресей нарығындағы бағасын азайтып, ресейдің нарығында бәсекелесу өте жеңіл болады.

10) Дихандардың барлығының шығындарын есептеп солтүстіктегі жаңа өмірлеріне бағыттап, сол жақта тұрақтап қалуларына барынша жағдай жасалса(интернет, газ, су т.б),
келешекте солтүстікке көшетін халықтың саны артатынына сеніммен қарауға болады.

Бұл ұсыныстың мемлекеттік стратегиялықта маңызыда бар.
Үкіметтің қолындағы өз ресуростарын пайдалана отырып бұл жобаны іске асыру, соншалық қиын шаруа емес.

Ол үшін ең бірінші кезекте атқарылуы тиіс:

1) Ауылдың белсенді азаматтарымен ақсақалдары, журналист-блогер, әкімшіліктің жауапты мамандарынан құралған топ жасақтап, солтүстік облыстардағы аудандан басшыларымен кездесіп, жер-су мәселелерін зерттеп қайтуға арнайы делегат жіберілуі керек.

2) Сол жақтағы мүмкіндіктермен жеңілдіктер жайлы жүйелі түсіндірме жұмыстарын жүргізу керек.

3) Солтүстік және Оңтүстік әкімдері тұрақты тығыз байланыс орнатып, көшіп барған халықтың жай-күйіне 2-3 жылға дейін бірдей жауапкершілікпен қараулары керек.

СЕҢ ҚОЗҒАЛСА, КӨШТІ ЖҮРЕ ТҮЗЕТІП АЛУҒА БОЛАДЫ.

Қазақстанның көптеген қоғам белсенділері осы іске көмектесуге дайын!

 

Рустем Ашетаев 

"Байтақ болашақ" республикалық экологиялық алянсының

Шымкент қалалық төрағасы

Пікірлер
Редакция таңдауы