Reuters: АҚШ Айдағы пайдалы қазбаларды өндіру жөнінде келісім әзірлеп жатыр

3371
Adyrna.kz Telegram

АҚШ Айдан пайдалы қазбалар өндіру жөнінде халықаралық келісім әзірлеп жатыр. Оған қатысатын тізімде Ресей жоқ деп хабарлайды Reuters агенттігінің дереккөзі.

Құжат "Артемида келісімі" (Artemis Accords) деп аталады. Келісім Айда пайдалы қазбалар өндіретін "қауіпсіз аймақ" құруды көздейді.

Келісім сонымен бірге Айда өндірілген кеннің меншік иесін анықтайтын құқықтық база әзірлеуге мүмкіндік беріледі.

Трамп әкімшілігіндегі жоғары лауазымды шенеуніктің Reuters агенттігіне хабарлағандай, АҚШ бұл келісімді өздері әзірлеуді шешкен. Себебі БҰҰ-да Айды игеру өте ұзаққа созылады деп есептеген. Өйткені онда ғарышты игеруге қатысы жоқ елдер де бар деп тапқан. Жақын уақытта АҚШ әріптес елдерге келісім мазмұнымен таныстырмақ. Олардың ішінде Канада, Жапония, Бірікке Араб Әмірлігі және Еуропа елдері бар. NASA-ның бас әріптесі Ресейді бұл жобаға тартпауды шешкен.

6 сәуірде АҚШ президенті Дональд Трамп Құрама Штаттарға Айды, Марсты және өзге де аспан денелерін коммерциялық мақсатта игеруге мүмкіндік беретін жарлыққа қол қойды.

"Роскосмос" мұны "ғарыш кеңістігін экспроприациялау" және "өзге планетаның аумағын басып алудағы агрессивті жоспар" деп атаған.

1979 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған "Ай және өзге де аспан денелеріндегі мемлекеттердің іс-әрекеті жөніндегі" келісімде Айға барлық адамзаттың ортақ игілігі деген мәртебе берілген.

Құжатты 18 ел бекіткен. Бірақ арасында АҚШ пен Ресей жоқ.

sentralasian.org

Пікірлер