Қазақта Серәлідей серке де өткен (Видео)

4361
Adyrna.kz Telegram

Осыдан 124 жыл бұрын, 1896 жылы актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның Халық әртісі, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Социалистік Еңбек Ері Серәлі (Серке) ҚОЖАМҚҰЛОВ дүниеге келді.

Қостанай облысының Қарабалық ауданында өмір есігін ашқан. Троицкідегі Уазифа мектебінде, Орынбор қаласындағы Татар халық ағарту институтында оқыған. Осы жылдары «Мұсылмандар клубында» Б.Майлиннің «Қаламқас», «Бетім-ау, құдағи ғой», «Қасқырбай», «Неке қияр» т.б. шағын пьесаларда рөлдерді ойнаған.

1925 жылы Қызылорда қаласында тұңғыш ұйымдастырылған Қазақ драма театрына И.Байзақов, Ә.Қашаубаев, Е.Өмірзақов, Қ.Қуанышбаев, Ж.Шаниндермен бірге Қожамқұловтың шақырылуы оның актерлік өміріне даңғыл жол салған елеулі оқиға болды. Осы тұста сахна өмірінен тәжірибесі мол Қожамқұлов театрдың алғашқы режиссері ретінде қызмет етті.

Театр 1926 жылы қаңтардың 13-де ресми түрде ашылып, бірнеше спектакльді сахнаға шығарды. Ол 30-шы жылдардан бастап «Райхан», «Амангелді», «Ана туралы аңыз», «Тыныштық», «Біздің сүйікті дәрігер», «Алдар көсе», т.б. фильмдерге түсіп, Қазақстанның кино өнерінің дамуына өз үлесін қосты.

Ойнаған рольдер

1922 жылында М. Әуезовтің «Еңлік — Кебек» трагедиясыида Еспембет ролін ойнайды.

1925 жылында Қызылорда қаласында тұңғыш кәсіби Қазақ мемлекеттік драма театры ұйымдастырылғанда Қожамқұлов арнайы шақырылады. Театрда ол актер әрі режиссер қызметін атқарып, 1926 -1932 жылдарында Әуезовтің «Бәйбіше — тоқал», Майлиннің «Шаншар молда», «Ел мектебі», «Қалпе», Ө. Оспановтың «Сеңсең бөрік», Н. В. Гогольдін «Үйлену» пье-саларын қойды. Қожамқұлов — әрбір рольдің болмыс-бітіміне сай өзіндік мі-незі мен дауыс ырғағын, сахналық қимыл-әрекеті мен сөз мәнерін дәл тауып, құлпырта ойнататын актер еді. Әсіресе, Қ-тың актерлік шебері гі комедиялық рольдерде айқын көрінді. Қ-тың таңдаулы рольдері қатарында Талтаңбай (Майлиннің «Талтаңбайдың тәртібінде», Яичница, Земляника (Гогольдің «Үйленуі» мен «Ревизорында»), Тымақбай, Қарабай, Қоңқай (Мүсіреповтің «Амангелдісінде», «Қозы Көрпеш -Баян сұлуы» мен «Ақан сері — Ақтоқтысында»), Шахтер Тайман (Ә. Әбішевтің «Достықпен махаббатында»), Еспембет, Көбікті хан (Әуезовтің «Еңлік — Кебегі» мен «Қара қыпшақ Қобыландысында»), т. б. бар. Қожамқұлов 1930 жылдан киноға түскен. «Дала әнінде» Батырақтын (1930), «Амангелдіде» Бекет ұстаның (1938), «Ақ гүлде» қарт Жастардың (1942), «Абай әнінде» Баймағамбеттің (1945), «Алтын мүйізде» шопан Әділбек-тің (1948), «Алдар көседе» Бидің (1964), т. б. ролін орынды.

1936 және 1958 жылдары Мәскеу қаласында өткен Қазак әдебиеті мен өнерінің онкүндіктеріне қатысты.

1973 жылында «Серага» атты телефильм (режиссер Қ. Әбусейітов) жарық көрді. Гастрольдік сапармен Иранның Шираз қаласында өнер көрсетті. Қожамқұлов атында Жезқазған музыкалық-драма театры, Алматы қаласында көше бар. Алматы қаласында ол тұрған үйге (Фурманов көш., 117-үй) мемориалдық тақта орнатылды. 5-сайл. Қазақстан Жоғары Кеңесінің депутаты болды.

Қожамқұлов туралы режиссер Қ.Әбусейітов «Сераға» атты деректі фильм түсірсе, композитор Ә.Бейсеуов «Сераға туралы әнін» шығарған. Жезқазған қаласындағы музыкалық драма театры мен Алматыдағы бір көшеге есімі берілген.

Үш мәрте Ленин орденімен, Қазан революциясы, 2-ші дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

1979 жылы Алматы қаласында қайтыс болды.

 

 

Пікірлер