NASA ғаламдық апаттың ауқымын видеомен көрсетті

1783

Видеода NASA климаттық апаттың ауқымын көрсетті. ICESat-2 спутнигінің мәліметтерін қолдана отырып, ғалымдар соңғы 16 жылдағы мұз жамылғысының өзгеруін модельдеді, - деп хабарлайды "Адырна" Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Жерді бақылаудың алдыңғы қатарлы лазерлік құралын қолдана отырып, ғалымдар 16 жыл ішінде Гренландия мен Антарктидадағы мұз қабаттарының биіктігі қалай өзгергенін егжей-тегжейлі өлшеп, жазды.

2003 жылы ғалымдар мұз жамылғысының биіктігін өлшеген болатын, бұл деректерді 2019 жылдың биіктігімен салыстырып,  мұздың қай жерде өсіп жатқанын және оның қай жерде еріп жатқанын көру үшін деректерді жинастырып,  талдау жасады.

Мысалы, зерттеулер көрсеткендей, Антарктидадағы барлық мұздықтардың ішіндегі ең үлкені Шығыс беттегі мұзды қабаттың өсіп келе жатқанын көрсетеді. Батыс Антарктика жағында ғалымдар мұз қабаттарының қатты жұқарғанын байқады, бұл жер үсті мұзының түсуіне әкеледі.

Жалпы алғанда, жаһандық жылынудың салдарынан Гренландияда жыл сайын шамамен 200 гигатондық мұз, ал Антарктидада 118 гигатон мұз жоғалады.

https://www.youtube.com/watch?time_continue=131&v=lP_SCsMsxZI&feature=emb_logo

Пікірлер
Редакция таңдауы