Пәтерде тұратындарға коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңге төленуі мүмкін бе?

2109

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бейбіт Шаханов ТЖ кезінде жалдамалы пәтерде тұратын қазақстандықтарға 15 мың теңге коммуналдық қызметтер үшін төлем берілуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бас шатабтың Telegram-дағы арнасында бірнеше сұраққа жауап жарияланды.

Коммуналдық қызметтер бойынша көмекке өтінімді қашан беруге болады?

"Әкімдіктер қазірдің өзінде өтінімдерді қабылдайды. Төлемдер коммуналдық қызметтер үшін шоттарды ұсыну қорытындылары бойынша жүзеге асырылады", - деді Бейбіт Шаханов.

Басқа адам комммқызметтерді төлеуге өтінім бере ала ма?

"Иә, жақын туыс немесе басқа уәкілетті тұлға. Бұл ретте растайтын құжаттар талап етілмейді", - деді ол.

Екі айдың төлемі 30 мың теңгеден аз болса, онда қалдығы қайтарыла ма?

"Жоқ, қалдық келесі айларға төлем шотына өтеді", - деді ол.

Сәуір айында үлгермегендер мамыр айында ала ала ма?

"Иә, төлем мамыр айында басталады, өйткені сәуір айының есебі мамыр айында қойылады. Сондықтан күте тұру керек", - деді Бейбіт Шаханов.

Сіз жалдамалы пәтерде тұрсаңыз?

"Қазір әкімдіктерге мұқтаждар санаты тұратын шоттар бойынша төлемдер жіберуге мүмкіндік береміз", - деді ол.

Оның айтуынша, қазақстандықтардан күн сайын өтініш келіп түседі. Алдын ала есептеулер бойынша, 1 миллион 600 мың адам көмек алады.

Мемлекеттік органдардың ұсынысы негізінде төлем алушылардың келесі санаттары анықталды:

  • 1, 2, 3 топ мүгедектері;
  • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
    көпбалалы отбасылар;
  • Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғалар;
  • мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық барысында немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару және құқық тәртібін сақтау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары;
  • төмен және одан аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
  • атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер.
Пікірлер
Редакция таңдауы