Ай хан, мен айтпасам білмейсің,
Айтқаныма көнбейсің.
Шабылып жатқан халқың бар,
Аймағын көздеп көрмейсің,
Қымыз ішіп қызарып,
Мастанып қызып терлейсің,
Өзіңнен басқа хан жоқтай
Елеуреп неге сөйлейсің, -
деп, ханның елді өз бетімен билеп-төстеу, қаһары түскен адамын өлім жазасына кесу хақысынан айрылып, рубасы ақсақалдарсыз ешбір мәселені шеше алмайтын күйге жетуін жырмен жеткізген дала философы Асан қайғы бабамыз.Ия, менің осы мақалам да желмая мініп, жер кезген Асан қайғы философиясына арналмақ.
Ең алдымен Асан қайғы кім деген сауалға жауап берер болсақ, Асан қайғы:
Асан қайғы шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ халқының өзекті мәселелерін арқау еткен философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер болып табылады. «Қырында киік жайлаған»,«Ай, Хан ием, мен айтпасам, білмейсің»,«Құйрығы жоқ, жалы жоқ»,«Еділ бол да, Жайық бол»,«Қырында киік жайлаған», «Таза мінсіз асыл тас», «Бұл заманда не ғаріп?», «Есті көрсең кем деме», «Көлде жүрген қоңыр қаз» сынды әрбір толғауының өзіндік мән-мағынасы бар.
Ел ішіндегі шежіре сөздер мен күй аңыздарына қарағанда, Асан қайғы халық қамын ойлаған ақылгөй, дана ғана емес, сонымен бірге дәулескер күйші де болған. Біршама күйлердің аты мен аңыз әңгімесі бүгінгі күнге дейін айтылып жүр. Алайда Асан абыздың бүгінгі күнге «Ел айрылған», «Асан қайғы», «Желмаяның жүрісі», «Зар» сияқты санаулы күйлері ғана жеткен. Жұрт санасынан ойып орын алған Асан - халық бақытын,ел тыныштығын ойлаған дана әрі дара қария.
Ел аралап, жер кезген Асан қайғының негізгі арманы халыққа жайлы қоныс іздеу болғандығы баршамызға мәлім. Желмаясын мініп ап, Асан қайғының аралаған жерлеріне айтқан сындары мен берген анықтамалары сол өз заманының талап - тілектері мен халық жағдайынан туған болжамдар болса керек. Фольклорлық деректер бойынша, Асан Қайғы Қазақстанның және Орта Азияның жерін желмаясына мініп көп кезген ақылгөй, дана болып суреттеледі. Оның бармаған жері, баспаған тауы жоқ десек те болады. Себебі жер жәннәтін іздеп, табу - баяғы Қорқыт заманынан келе жатқан әлеуметтік сарын. Көшпенділер философы атанған Асан қайғы өз заманындағы қоғамдық өмірге үңіле қарап, халықтың тартып отырған ауыр азабын - аш жалаңаштық, жұт, апат, өзара қырқысқан жаугершілік, әлеуметтік теңсіздікті көріп назаланды, күңіреніп, қайғырады. Оның ғайыптан армандаған Жерұйығы - суы сүт, топырағы май, тасы алтын, ағаш басы толған жеміс-жидек, жұрт қайғы-қасіреттен аулақ құтты қоныс, оған жеткен елді жау алмайды, онда ел аласы, ру таласы жоқ, "қой үстіне бозторғай жұмыртқалайды," - деп санаған болатын.
Асан жыраудың жер туралы сындары терең философиялық мағына-сымен халық есінде қалған. Көптеген сындары əлі күнге дейін өз мағы-насы мен маңызын жоғалтпаған. Сондағы Асан қайғының желмаяны жел-діртіп жүріп əр жерге, суға, тауға айтқан сындарының біршамасына тоқталсақ:
Сөзімізді түйіндесек, тарихта аты қалған ұлы тұлғалардың әрқайсысының өзіндік орны болады. Қазақ дейтін халықтың басын біріктіруде Асан Қайғыдай данышпанның болуы қазақ халқы үшін үлкен мәртебе деп білеміз. Біздің ұлы жұртымыздың басым бөлігі мыңдаған ғасыр бойына көшпелі өмір салтын ұстанды. Асан Қайғы бабамыз осы тіршіліктің түйінін тапты. Ол – Жерұйық болатын.Сонымен қатар ол ұлы-ұлы мемлекеттердің – Алтын Орда, Ноғайлы ұлысы, Қазақ хандығының бас биі, ақылшысы, бастаушысы, елшісі, ұраншысы, сол мемлекеттің ең басты қағидаттарын қалыптастырушы, құраушысы еді. Асан қайғы барлық жыраулық-дастаншыл ақындардың атасына айналды. Ол – ұлттық тұлға. Ол өз халқына бақыт тіледі,оның болашағын ойлап қайғыға батты.Сол себептен Асан Қайғы атанып тарих беттерінде есімі қалды.
Тереңдей үңілгенде Асан Қайғы бабамыз, бүгінгі қазақ мемлекеттігінің дипломатиялық мектебін қалыптастырды. Ел мен елді жауластырмау, достастыру,татуластыру, бейбіт өмір сүру қағидатын тұңғыш рет әлемнің жарығына алып шықты. Ол сөз әлеміне де өз өрнегін салды. Асыл сөздермен өрнектелген толғаулар қалдырды. Асан қайғы – тек қана қазақ жұрты емес, бүкіл түркі жұртшылығының қастерлеп жүрген ұлы тұлғасы. Қазақ үшін Асан қайғы – халықтың жанашыры, ақылгөйі, данышпаны, елдің бірлігін, қамын,тыныштығын ойлаған қайраткер.Қазақтың жер көлемін шолып, баға беріп, небір асыл ойларды қалдырған Асан қайғы есімі бүгін де, келешекте де ұмытылмайды.
«Өзі зордың болады ығы да зор» деп Абай атамыз айтқандай, Асан Қайғы бабамыз туралы ең әуелі өз дәуірінде айтылды .Оның бірқатары уақыт өте аңыз әңгімеге, ертегіге,тарихи жырларға айналды. Асан абыз қариялық қалыпта ханнан да қаймықпай сөз айта алатын жарқын жаратылыстың дәл өзі болған еді. Асан Қайғы қазақ халқының от тілді,орақ ауызды ақындары, ділмар шешендері мен көсемдеріне үлгі боларлықтай абыз адам десек артық айтқанымыз емес.
- Ақын
- Жырау
- Философ, ақылшы, би
- Реформатор, мемлекет қайраткері
- Ел болашағы үшін қызмет еткен ұлы бабамыздың бірі.


- Яссы қаласын (қазіргі Түркістан) олардың қожа-молдаларын көргенде: «Ай, қарыс жері бір арық, жер сорлысы мұнда екен, әйелі семіз, өрі арық, жұрт сорлысы мұнда екен»,— депті.
- Шымкент пен Сайрамды көргенде: «Екі басса бір базар,малда береке болмайтұғын, екі басса бір мазар,бас-та береке болмайтұғын, базары жақын байымас, мазары жақын көбей-мес», — деген екен.
- Алатауға келгенде:Түні суық, күні ыстық, жер даласы, Ананың емшегіндей сай саласы. Төрт елі топырақ асты алтын екен, Ішпей-жемей тоятын айналасы, —

Данат Жанатаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті, философия ғылымының кандидаты
Мейіркамал Алуа, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Филология және әлем тілдері факультетінің магистранты
Дереккөз:
https://alashainasy.kz/politic/ulttyik-ideyanyin-uyyitkyisyi--asan-kaygyi-65619