Тәжікстан СІМ Қазақстанға наразылық нотасын жолдады

5696
Adyrna.kz Telegram

27 сәуірде Тәжікстан СІМ Қазақстандағы әріптестеріне нота жіберіп, әлеуметтік желілерде "Патруль" сериялынан үзінділер көрсетілген видеоларға қатысты жауап беруді талап етті. Тәжікстан министрлігі сериалды түсірген «BAS production-нан»  және оның тапсырыс берушісі НТК компаниясынан жала жапқаны үшін және «этникалық араздықты қоздыруға бағытталған қасақана іс-қимылдар» үшін олардың «қызметіне құқықтық баға беруді» талап етті. Бұл туралы Тәжікстан сыртқы істер министрлігінің ақпарат және баспасөз бөлімі хабарлады.

«Патруль» фильмінің бір эпизодында полиция орыс және қазақ тілдерін білмейтін мигрантты ұстайды. Ұсталған адам өзбекше сөйлейді, бірақ полиция қызметкерлері оны тәжік деп қателесіп, бөлімге апарады. Ол дәлізді бояуға және көлікті жууға мәжбүр болады. Аяғында, бұл елшілікке баратын жолдан адасқан Тәжікстанның елшісі болып шығады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер