Мегаполистердің карантинге жабылып, жүріс-тұры мастың шектелуі көбіміздің қолайымызға құп келтіре қоймады, білем.
Бұл короновирус көп шаруаны кейінге шегертті, біраз істі атқарылусыз қалдырды, тіпті кейбіріңізді бір ғұмырда бір-ақ рет келетін мүмкіндіктен айырған шығар.
Бәрі мүмкін.
Басқа түссе, баспақшыл деген, көнуге тура келеді... Және мені вирустың жайылу жылдамдығынан көрі, сол індет жайлы ақпараттың таралу қарқыны қайран қалдырады.
Әлеуметтік желіні парақтай қалсаң, өтірік-шыны аралас ақпараттан «аяқ алып жүргісіз». Құдды бір жауыннан кейін қаптаған саңырауқұлақтай.
Ақпараттық ғасырда бұл заңды құбылыс, әрине. Видеолардан жан-жаққа жүгіріп, ішіп-жемін қамдаған халықты көресің, жазылған пікірлерден сан саққа жорамалдаған пайымды оқисың.
Көбісі амандық тілеп жатса, бірі осы індетті пайдаланып хайп жасап, ал тіпті кейбірі бағдарламаларының рейтингтерін көтеріп жатыр. Осы тұста саудаларын жүргізіп жатқандар да аз емес, бірі масканың бағасын 5 еселеп сатып жатса, енді бірі көмектеседі деген имбир шөбін 25 мыңнан өткізіп жатыр. Күні кешке дейін қақсап жатқан журналистер шындықты айтып жатыр ма? Әлде жоғарғы жақтың айтқанын ғана жеткізіп отыр ма? Бұнымен айтқым келгені жабылып жатқан шекаралар қайда? Күні- түні Қытаймен саудамыз бітер емес. Бір қаладан екінші қалаға қалтамызда ақшамыз барлар ары-бері өтіп жүрміз. Қашықтықтан оқыту деп онлайн оқуды еңгізіп қойды. Оның пайдасы неде деп кейде өзім ойлап қоямын. Үлкен мегаполисті қайдам, өз қаламда балалар күні-түні көшеде доп қуалап жүр, бозбалалар мен бойжеткендер кешкі көшеде серуендеп жүр. Ал бұның пайдасы неде, вирус сонда мектепте жұғып, далада ойнап жүрсең жұқпайдыма екен, қызық! Бұл бер жағы оны қоя бергенде ата- аналар мен мұғалімдердің аудио жазбалары хит болды Қазақстан әлеміне. Интернет желісін ашып қалсаң жылап отырған бала, шыңғырып отырған ананы көреміз не сұмдық?
42500 теңгенің әңгімесі бір бөлек. Почтаның алды кезекке толып тұр. Ақшасы барлар да ақшасы жоқтар да сонда. Күнделікті жабылмай тұратын сайттарда іске қосылмай тұр. Осы тұста жоғарғылар бір саясатты ойлап отырма деген ой келеді. Адамдығымызды сақтап қалайықшы адамдар!
Рысалды Маратқызы Шарапиева,
«Тұран» университеті Журналистика мамандығының 1 курс студенті