Президенттік қолдау: Қостанайлық полицейлер аз қамтылған отбасыларға азық-түлікпен көмектесті

2647
Adyrna.kz Telegram

2020 жылдың 17 сәуірінен бастап Қостанай облысының аумағында карантин режимі енгізілгені белгілі. Осыған байланысты Қостанай облыстық полиция департаментінің жедел әрекет ету арнайы жасағы (ЖҚАЖ) қиын жағдайдағы көп балалы  отбасыларға көмек қолын созды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Тәртіп сақшылары азық-түлік және дәрі-дәрмектер сатып алып берді. Облыс орталығының тұрғыны Әлия шағын ғана үйде бір өзі бес баланы тәрбиелеп отыр. Ең кіші баласы – 5, үлкені – 12 жаста. Полицейлер негізгі азық-түлік санатына кіретін тауарлардан тыс, жеміс-жидек, көкөніс, жарма және тәтті тағамдар апарды. Дәріханадан жөтелге қарсы сироптар, витаминдер және балалардың ыстығын түсіретін дәрілер алды.

«Біз қазір нақты көмекке мұқтаж отбасыларға көмек көрсетеміз. Оларға осы сәтте қиын екенін білеміз. Бір әйел бес баланы тәрбиелеп жатқанын білгеннен кейін, әріптестерім көмек көрсетуге қуана үн қосты. Департамент басшылығының бастамасымен қаза тапқан қызметкерлердің жесірлеріне, жалғыз басты аналарға, көп балалы отбасыларға, сондай-ақ балалар үйінің тәрбиеленушілеріне үнемі көмек көрсетіп, қайырымдылық акцияларға қатысамыз. Бұл игі іс жалғаса береді», - деп атап өтті ЖҚАЖ командирі, полиция майоры Жәнібек Мұхамеджанов.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер