Шымкентте 17-ші науқас коронавирустан жазылып шықты

2625
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/04/doctor-header-960x500.jpg?token=b0d73513c6908a4fdeed87f9c6f6b68e
Шымкентте тағы бір науқас коронавирустан жазылып шықты. Сауығып шыққан 1994 жылғы азамат қаладағы «Солтүстік Батыс» шағынауданының тұрғыны. Дертінен сауыққан жігіт 5 сәуір күні жұқпалы аурулар ауруханасына дене қызуымен түскен. Инфекция жұқтырған 25 жасар азамат вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ем-дом кезінде асқынулар болған жоқ, дейді мамандар. Емдеу терапиясынан кейін науқастан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсеткеннен кейін 22 сәуір күні ауруханадан шығарылды. Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 17 науқас дертінен айығып шықты.

Шымкент

Комментарии