ОЛЖАС ӘБІЛ: Саакашвилиді ұрлықпен байып алған орысшылдарға жығып берді

3205
Adyrna.kz Telegram
Mikheil Saakashvili during his visit to Ukraine within the frame of Euromaidan events. December 7, 2013.
Mikheil Saakashvili during his visit to Ukraine within the frame of Euromaidan events. December 7, 2013.

Украинада соңғы кезде "Михаил Саакашвилиді премьер министр қылу керек" деген ұсыныстар қайтадан шыға бастады.
Тәуелсіз ұйымдар сауалнама жүргізген екен, тізімді өз рейтингі бойынша Саакашвили бастап тұр екен.

Кеше Андрей Илларионовтың сұхбатын тыңдағанмын, мойындау керек, ол кісі мықты аналитик. (жәй адам президент кеңесшісі болмайды ғой)
Илларионов әрдайым сөзіне құлақ түре жүру құрметіне ие сондай беделді кісі. Сол кісі "Саакашвили Путиннен де артық мықты басшы, шын мәнінде Михаил крутой жігіт" деп грузин қайраткеріне бағасын беріп салды.

Жалпы, шыны керек Саакашвили Грузияда керемет реформалар жасады.
Ол - Грузия банкрот болғанда билік басына келіп өзі биліктен кеткенде орнына келген орысшылдарға даму жолына нық түскен басқа Грузияны тастап кетті.
Қазір сол орысшылдар Саакашвили салып кеткен туристік Грузияның жемісін жеп отыр.

Грузиндер халық ретінде сондай басшыны бағалай алмады деген пікірдемін.

Олар сайлауда Саакашвилиді ұрлықпен байып алған орысшылдарға жығып берді. Есіл ер сосын бас сауғалап елінен кетуге мәжбүр болды.
Жалпы, Саакашвили билік басына келгенде грузиндер ұрлықпен қатты астасып ненің оң, ненің сол екенін айырудан қалған екен. Тіпті ұрлықтың қылмыс екенін де айырмайды екен.

Елде екі грузиннің біреуі - вор, полиция да ұры, министірі де жемқор, депутаты - баукеспе қарақшы, әкімі - сұғанақ, Грузия әбден шіріп кеткен еді.
Ал Саакашвили биліктен кеткенде ұрылар түрмелерге лық толып, үкіметте пара алатын адамдар қалмаған, тап таза үкімет жасақтап кеткен.
"Вор закондар" Украина, Ресейге, ТМД елдеріне жапатармағай қашты. Қашпағанын бұл құрықтады.

Ал оған шейін ұрлық деген нәрсе Грузияда қалыпты нәрсе боп саналып атақты ұры - "вор закондар" грузиндер үшін кәдімгідей құрметті, сыйлы, қадірлі адамдар бопты. Алдарына барып қолдарын сүйіп, бастарын иеді екен. Оларды гүржі батырлары дейтін көрінеді.

Михаил ішкі істер министіріне "анау таудың басындағы вилланың қожайынын дереу құрықта" деп бұйрық қылса, министр "ой басеке, ол "Вано түгенше" деген атақты ұры, оның құдасы депутат, інісі сот, ағасы түгенше, мен оны істей алмаймын, кешіріңіз" деп күмілжиді екен.
Сондай кезде қылшылдаған жас, өр мінезді Саакашвили "жүр ендеше түс алдыма" деп министірін алдына салып операцияны өзі бастап шығады мыс..
Шын сондай оқиғалар да болған екен.

Қысқасы, ақ пен қараны айыра алмаған халық та әбден азып кетіпті. Абай айтпақшы, жақсыменен жаманды да айыру қабілетінен ажырап санасыз тобырға айналған ғой. Сол тобыр ақыры ұрыларын тым - тырақай қылып қуып көздерін ашқан Саакашвилиді түсінбей де кешпей қаңғыртып жіберді.

Ана бізде біреулер "рыжий алмаз", "атабаларды" халық батырлары, ұлтшылдар деп есіргенде, бізден мен де осындай қауіпті нышандарды байқап осыған қатты алаңдап отырамын. Бұндай иісалмастар бізде де көп.

Орыс интеллектуалы Юлия Латынина "Саакашвили - гений" деді, "бірақ ол грузиндерге балық аулап берген адам және ол осы жерде оңбай қателесті, ол грузиндердің қолына қармақ беріп оларға өздері балық аулауды үйрету керек еді" деген еді. Менің бұған алып қосарым жоқ.

Қазір енді осы Саакашвили Украина билігіне басты үміткерлердің бірі. Бөтен елде билікке таласып жүр.

Басқасы құрыса да бұл жігіт өлмейді. Бес - алты тілде еркін сөйлейді. Өте сауатты, білімді, басы толған тың идея. Сөзге шешен, мінезі тікбақай, қызу, характері жетеді, адуынды адам. (Онсыз болмайды)

Халықаралық деңгейде өте беделді адам.

Іскер, бұрын істеген, бастысы айтқанын істей біледі және істей алады.
Әділ және бұқарашыл, халықшыл адам. Халықпен жұмыс істей алады. Бұл оны қатырады.

Мен Қазақияның келешек реформатор басшысын тап осы кісідей елестетемін.

Олжас Әбіл

Пікірлер