ҰҚК шекара академиясының 54 курсанты коронавирус жұқтырды

3065
Adyrna.kz Telegram

ҰҚК шекара академиясының 54 курсанты COVID-19 жұқтырды, - деп хабарлайды "Адырна". Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді.

Алматыдағы төтенше жағдайды қамтамасыз етуге, көше тәртібін сақтауға аталған академияның курсанттары тартылған болатын.

«Басында біз академияның 14 курсантында коронавирустық инфекцияны анықтадық. Тексеруден кейін жұқтырғандар саны 54-ке жетті. Олардың барлығы жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, барлық қажетті емдер алуда», - деді ол.

Шекара академиясының 150 курсанты патрульдік қызметке тартылып, Алматыда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара академиясында карантиндік изолятор орналастырылған.

ҰҚК Шекара академиясы басшысының орынбасары Айдос Әлиев бұған дейін барлық курсанттар қолғап пен вирусқа қарсы маскалармен қамтамасыз етілгенін айтты.

«Бұл бәрі жас және дені сау балалар. Аурудың белгілері көрінбейді. Барлығы сау, белсенді, әдеттегідей қызмет етеді. Бұл біздің әскери қызметкерлер ретіндегі міндетіміз екенін атап өтеміз. Біз міндет қойдық, оны орындаймыз. Сондықтан қазақстандықтарға үндеу жолдағым келеді. Мүмкіндігінше барлығының үйде болуын қалаймын, әсіресе қарттар мен балалардың. Бұл уақытша құбылыс,  біз эпидемияны тек бірге ғана тоқтатамыз », - деді ол.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер