Қазақтың кемеңгер ұлы

2982
Adyrna.kz Telegram

Басқарушы болмаса, ел қадірі кетеді.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – қазіргі тарихымыздағы кемеңгер тұлға. Тұңғыш Президентіміз -жаһанға мемлекеттің бейбіт және ядролық қарусыз саясатын паш етіп, Қазақстанды жоғары әлемдік деңгейге шығарды.
Еуразия кіндігіндегі өркениетті елі, өрісті жері, өсіп-өнген халқы бар Қазақстан Республикасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана стратегиясы, көреген саясатының арқасында қуатты мемлекетке айналды.
ХХІ ғасырда нарықтық экономикасымен, заманауи саяси-демократиялық жүйесімен, азаматтық қоғамымен алға қарай қарыштап дамып келеді. Елбасының сара жолын бүгінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жалғастыруда. Соның нәтижесінде, біз АҚШ-тың бұрынғы президенті Авраам Линкольн айтқандай,  «адамдар адамдар үшін билік ететін»  демократиялық мемлекет құрудамыз.
Елбасымыздың еліміз үшін сіңірген ерен еңбегінің терең бағасын берер сөз іздегенде ойымызға «ерлік» сөзі орала береді. Расында да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бүкіл өмір жолы туған Отаны – тәуелсіз Қазақстанды барша әлемге танымал, еңсесі биік мәртебелі мемлекетке айналдырсам деген биік мұратпен суарылған  елдік жолындағы ерлікке толы екені айдай ақиқат.

Мерей Аман,
Филология және әлем тілдері факультетінің 1-курс студенті

Ф.Қозыбақова, ғылыми жетекшісі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих кафедрасының доценті,

Пікірлер