Онлайн режимінде деректі фильмдер көруге мүмкіндік бар

3310
Adyrna.kz Telegram

Пандемияға байланысты біраз елде карантин жарияланғаны белгілі. Қауіпті дерттің өршуі салдарынан еліміздегі төтенше жағдай режимі ұзартылды. Вирусты жеңу үшін әрқайсысымыз жоғары жауапкершілікпен сақтық шараларын бұлжытпай орындап, үйден шықпауымыз керек. Карантин кезінде уақытты тиімді өткізіп, рухани азық болар тың дүниелерді тамашалауға, таным көкжиегіңізді кеңейтуге, өзіңізді дамытуға мүмкіндік бар. Мәселен ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінің www.kfdz.kz  сайтына кіріп, архивтің «алтын қорынан» таңдаулы деректі фильмдерді көрулеріңізге болады. http://kfdz.kz/Film_Online сілтемесін басып, белгілі режиссерлардың бірегей туындыларын көруге шақырамыз.

Назарларыңызға ұсынылатын фильмдер тізімі.

  1. "Түрксіб", 1929 ж. түсірілген, реж. В. Турин, "Востоккино" Алматы өндірістік бірлестігі. Деректі фильмде Түркістан-Сібір темір жолының құрылысы туралы баяндалады.

 

  1. " На боевое дежурство заступить ", 2007 ж., реж. Н. Раисов, "NIC" студиясы. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасы армиясының құрылу тарихы туралы деректі фильм.

 

  1. "Борыш, абырой, ерлік", 2015 ж., реж. Н. Раисов, "NIC" студиясы. Деректі фильм Тәуелсіз Қазақстан Республикасының бірінші Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовке арналған.

 

  1. "Ұлытау: ғасырлар жаңғырығы", 1991 ж ., реж. А. Қарабаев, "Қазақтефильм"киностудиясы түсірген. «Ұлытау» қорығы табиғатының сұлулығы туралы деректі фильм.

 

  1. " Прикосновение к вечности ", 1966 ж., реж. А. Машанов, "Қазақфильм" киностудиясы түсірген. Деректі фильм 95 жастағы мүсінші Исаак Иткиндтің шығармашылығына арналған.

 

  1. "Алтын адам", 2010 ж., реж. И. Рудакова, Еуразия бірінші арнасы. Деректі фильм Есік қорғанындағы "Алтын адамға" арналған.

 

  1. "Сәкен Сейфуллин", 1964 ж., реж. А. Нұғманов, "Қазақфильм" киностудиясы түсірген.

Деректі фильм жазушы Сәкен Сейфуллинге арналған.

 

  1. " Самое дорогое ", 1942 ж., реж. А. Ованесова, Алматы кинохроника студиясы. Ұлы Отан соғысы жылдарында Украинадан, Белоруссиядан, Ресейден келген балаларды асырап алып, өз отбасына қабылдағандар туралы деректі фильм.

 

9."Тебе, фронт!", 1942 ж ., реж.Дзига Вертов, Алматы кинохроника студиясы. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерлігі туралы киноочерк.

 

Сайттағы фильмдер екі күн сайын жаңарып отырады. Қазіргі таңда архив қызметкерлері елдегі жағдайға байланысты қашықтықтан жұмыс істеуге көшкен, өз жұмысын үйде отырып онлайн түрде жалғастыруда. Бірлігі жарасқан архив ұжымы Мәдениет және спорт министрлігі бастаған #онлайндабол, #бізбіргеміз, #өнеронлайн акцияларына қатысып, жалпы игі іске өз үлестерін қосып келеді.

Жұдырық болып жұмыла білсек, барлық қиындықтарды жеңетініміз анық. Біз біргеміз!

 

 

Салтанат Смаилова,

ОМ КФҚДЖ А-нің баспасөз хатшысы

 

Пікірлер