Бір аурухананың 110 дәрігері коронавирус жұқтырған

2871
Adyrna.kz Telegram

Алматыдағы Орталық қалалық аурухананың 110 қызметкерінен коронавирус анықталды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев  хабарлады.

Оның айтуынша, соңғы тәулікте Алматыда 174 адам коронавирус жұқтырған.

"Жаңадан анықталған 174 адамның 58-і науқаспен байланыста болған азаматтар. Сонымен қатар ішінде балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының 1 қызметкері, орталық қалалық клиникалық аурухананың 110 медицина қызметкері, медициналық жедел жәрдем қызметінің 2 қызметкері, №32 қалалық емхананың 1 қызметкері, №11 қалалық емхананың 1 қызметкері, №1 қалалық клиникалық аурухананың 1 қызметкері бар", - деді Әбілдаев.

Айта кетейік, бүгінде Алматыда 346 адамнан коронавирус анықталды. Олардың алтауы - балалар, үшеуі - жүкті әйелдер.

Қазақстан бойынша науқастардың саны 1 179 адамға жетті. 138 адам жазылып шықты, 14 адам қайтыс болды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер