Еңбек министрі "2000-дай жоғарғы жалақы алатын адамдар 42500 теңге алуға өтініш жасапты. Бұлай істеуі моральге жатпайды" деген сияқты "әңгіме" айтыпты. Фейсбуктегі талайлар да министрге қосылып "жағаларын ұстап жатыр". "Қалай ғана сондай өтініш жасауға дәттері барды екен ұятсыздар" деп.
Біріншіден, биліктің халыққа мораль оқитын қақы бар ма? Миллиардтап жеп, ұрлап жатқанда 42500 теңге сұрайсың деп ренжуі жұмсақ айтқанда ақымақтық.
Екіншіден, ол 42500 теңгені өз қалтасынан шығарып беріп жатқан жоқ. Бюджеттен, әлеументтік қордан, халық ақшасынан беріп жатыр.
Үшіншіден, жоғары жалақы алатындар да көппен бірге әлеументтік қорға ақша төлеп жатыр. Және төмен жалақы алатындарға қарағанда көбірек сома төлеп жатыр. Сондықтан олар да әлеументтік қордан өз үлесін алуға қақы бар. Ақшасы барлар, көптер қорға ақша салады, оны қажет кезінде ақшасы аздар мен жоқтарға береді деген заң жоқ.
Төртіншіден, жоғары жалақы алатындарға ренжитіндей олар жоғарғы жалақы алғанына кінәлі ме? Мұндай көзқарас адамдарды еңбек етуге, табыс табуға ұмтылдырудың орнына иждивенттікке, паразиттікке жетелемейді ме? "Үкімет өлтірмейді" деген сенім пайда болмайды ма?