Еврей ұлты бізге үлгі ме?

2085

Қытай  вирусына (коронавирус)  қарсы  дәрі ойлап тапқан ұлты еврей Владимир Зеленко туралы әлемнің беделді БАҚ-тары жарыса жазып жатыр. Әлемдегі Ибрахим салған сара жолдан тарайтын үш діннің екеуі – ислам мен христиандыққа еврейлердің ықпалы орасан болды.
ХХ ғасырдағы үш басты идеологияның екеуі – капитализм мен социализм еврейлерге қарыздар.  Әлемде Нобельді 850 адам алды, олардың 173-і еврейлер, ал тағы 20 лауреаттың ата-аналарының бірі еврей болған.

Нобель сыйлығының 22 пайызына ие еврей ұлты  бұл әлем халқының 0,2 пайызын ғана құрайды. Нобель сыйлығының лауреаттары қатарында еврейлердің үлесі олардың әлем халқындағы үлесінен 100 есе көп екендігі және Құранда яхуди(еврей) терминінің сөздік мағынасы тура жол деген мағынаны білдіріп (يَهْدِي,- яхди), Құдайдың таңдаған сүйікті халқы екені айтылады.

Әлемдегі ең мықты адамдардың басында еврейлер тұр. Өнертабыс, ғылым мен қаржы саласында да еврейлер көшбасшы. Саны бар болғаны 13,4 млн. адамды құрайтын (жер шарының 0,2%-ы) еврей халқының мұндай жетістіктерге қалай жеткені туралы тарихи фактілер тағдыры мен шежіресі еврейлерге өте ұқсас "мың өліп, мың тірілген" қазақ ұлтын аса ойландыруы қажет...

  Тұрарбек Құсайынов,

Демос ҚБ төрағасы

Пікірлер
Редакция таңдауы