Карантин: Алматыда 2 мың такси ғана қызмет көрсетеді

3297
Adyrna.kz Telegram

Алматыда карантин уақытында екі мың ғана такси көлігі қызмет көрсетеді. Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінде  қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов айтты, деп хабарлайды "Адырна"ұлттық  порталының тілшісі.

Ерлан Қожағапанов 1 сәуірде 900 қала тұрғыны такси қызметіне жүгінгенін, сол себепті лицензия алған такси компанияларының 2 мың көлігі қала тұрғындарының сұранысына жауап бере алатындығын айтты.

"Өздеріңіз білесіздер, карантинге байланысты көптеген басқа аймақтың тұрғындары өз аймағына кетті. Олардың көбі такси жүргізумен айналысты. Кейбірі қалды. Біз такси мәселесін былай шештік: біріншіден, қаламызда 200-ден астам ресми такси бар. Сосын Uber, Яндекс, Индрайвер компанияларында 80 мыңнан астам клиент бар. Соңғы 20 күннің ішінде белсенді жүрген таксомоторларды, сосын клиент берген ең үлкен рейтингіні қарап, карантин уақытында 2 мың ғана таксиді қалдырамыз. Кеше (1 сәуір)  осы компанияларға 900 ғана шақыру түсті. Сондықтан осы 2 мың көлік жетіп жатыр".

"Соңғы екі жұманың ішінде Яндекс пен Uber компанияларына көптеген сұрақ түсуде. Біздің отандастарымыз лицензия сұрайтын көрінеді, оған ақша төлейміз дейтін көрінеді. Осы 2 000 көліктен басқа таксимен айналысамын деген көліктерге тыйым салынды. Сондықтан ешқандай лицензия берілмейді. Ол - қате", - деп қосты Ерлан Қожағапанов.

Қазіргі кезеде Алматы қаласында коронавирус індетін жұқтырған 90 адам бар. Еліміз бойынша анықталғандар саны - 402. Коронавирустан 27 адам адам жазылып, 3 адам қайтыс болды.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер