"Моңғолияда, Қытаймен көршілес болғанына қарамастан -  бірде-бір науқас жоқ"

35928
Adyrna.kz Telegram

Мен әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын достарыма жазып отырмын.  Қазір үш ай болды біз карантиндеміз.  Алдымен барлық балабақшаларды, мектептерді жауып тастады.  Содан кейін екі рет мереке кезінде, ақ айда және 8 наурызда астанаға кіру-шығуды жапты.  Содан кейін вирус жұқтырған француз адам келгенде, бір апта бойы барлық кеңселерді, мекемелерді, қоғамдық тамақтану орындары мен дүкендерді жауып тастады. Мектептер мен балабақшалар 30 сәуірге дейін карантинде болады. Балалар теледидар мен онлайн жолмен оқып жатыр.

Өздері үшін де, бүкіл әлем үшін де моңғолдар заңға бағынатын, біртұтас және әлеуметтік жауапкершілікке ие болуымен таңқалдырды. Көшеде, дүкендерде, мекемелердің барлығында - барлығы маскамен жүр.
Онсыз еш жерде қызмет көрсетілмейді. Мемлекет қызметкерлері де отырыстарда маскамен отырады, теледидар дикторлары, сатушылар және т.б.  - барлығы маскаларда.  Одан не шықты?  Моңғолияда, Қытаймен көршілес болғанына қарамастан -  бірде-бір науқас жоқ!  Вирус жұқтырған 10 адам тіркелді, олардың барлығы шетелден келгендер. Мұнда вирус жұқтырғандармен байланысқандарды қатаң бақылап, оқшаулайды, және мұндай науқастармен бірге ұшып келген барлық жолаушылар да оқшауланған.  Жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігерлер жұқтырғандардың өмірі үшін тәулік бойы күресуде, әзірге бір де бір өлім нәтижесі болған жоқ, көбісі емделіп шықты. Моңғолия үкіметіне, дәрігерлерге және елорда тұрғындарына мың тағзым!

Карантиннің, бір жағынан, жағымды жақтары да бар:

1) Әзірге жергілікті тұрғындардан бір де бір адам жұқтырған жоқ.

2) Педиатриялық пациенттердің саны күрт азайды - егер бұрын ауру адамдарға арналған төсек жеткіліксіз болса (800 кереует) және балалар ауруханалардың дәліздеріне орналастырылған болса, қазір науқас балаларға арналған керуеттердің жартысы бос.

3) Халық иммунитетті күшейту үшін  пайдалы тамақтануға көбірек көңіл бөле бастады: теңіз шырғанағынан жасалған сусын, зімбір қосылған бал, жылқының етін жеп, лимонмен ыстық шай ішу, т.с.с.  дұрыс тамақтану мәдениетінде сауатты бола бастады.

4) Қылмыстық, заң және жол ережелерін бұзу, мас күйіндегі бұзушылықтар күрт азайды.

5) Шыңғыс хан билік еткен уақыттан бері халықтың генінде бар моңғолдардың тәртіптілігі, бірлігі мен өзара көмектесуі осы карантиндік 3 айдың ішінде мінез-құлықтарынан айқын көрінді. Бұл бүкіл әлемнің қызығушылығын оятты. Көптеген журналистер мен ғалымдар бұл құбылысты зерттеп, неге жергілікті тұрғындар ауырмайтындығын әрі оның құпиясының неде екенін түсіну үшін елге келді.

6) Халық үнемі риза болмайтын өз үкіметі мен дәрігерлерінің жұмысын жоғары бағалай бастады. Олар әрқашан өз халқы үшін күндіз-түні бірге жұмыс істеп жатыр. Жүздеген азаматтары шетелде қалып қойған азаматтарын арнайы рейстермен әкеліп жатыр. Әуежайлары жабылып қалса да, оларды қиын жағдайда қалдырмады.

7) Үкімет дүкендердегі азық-түлік өнімдерінің бағасын қатаң қадағалап отыр: басқаларға  үлгі болуы үшін ет бағасын көтергені үшін ең көп тұтынушысы бар 2 супермаркетке 20 миллион тукрик айыппұлы салынды.

8) Кез келген қиыншылық адамдар арасында әр түрлі реакциялар туғызады. Моңғолиядағы карантин отбасыларды жақындастырды. Бос уақыттары көп болғандықтан, ата-аналар балалармен үй жұмысын жасайды.  Оларға көбірек көңіл бөледі, қамқорлық жасайды, иммунитеттерін күшейтеді. Ал қарт ата-аналары  өздерінен қарағанда, тез жұқтырып алуы мүмкіндігін біліп, олар тамақпен, дәрумендермен қамтамасыз етеді, үнемі назарда және үнемі қамқорлықта болады. Моңғолдар - үлкендерді құрметтейтін халық - мұны көпшілік, әсіресе еуропалықтар үйренуі керек.

Менің ойымша, менің достарым да байқау үшін әкелген негізгі фактілер мен бақылаулар осылай: маска киіп, адамдармен жақын байланыс жасамаңыз, иммунитетті нығайту үшін жақсы тамақтаныңыз, гигиена сақтаңыз және қажеттіліксіз далаға шықпаңыз.  Біз сау боламыз, Алла сақтасын!

Розалия Антонова

Улан-Батор, Монголия
Пікірлер