Қытайда коронавирус жұқтырған науқастардың 90%-ы ауруынан айықты. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Қазір Қытайда 5120 адам науқастанып жатыр. Соңғы деректерге сүйенсек, Қытайда жалпы коронавирусқа шалдыққандар саны 81 мың адамға жетті. Оның 72,7 мыңы ауруханадан жазылып шыққан.Эпидемия басталғалы Хубэй провинциясын қоспағанда Қытайда 13 293 адамның ауруға шалдыққаны, 117 науқастың көз жұмғаны белгілі болды. Өлім-жітім деңгейі 0,88 пайызды құрады.