Алматыда тағы бір адам коронавирус жұқтырған

3046
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/03/12745914.jpg
Алматы қаласында коронавирус инфекциясын тағы бір адам жұқтырды. Бұл туралы ҚР ДСМ-ның телеграм каналында хабарлады. «Қазақстандағы коронавирус бойынша 22 наурыз, сағат 13:30-дағы жағдай: Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында – 23 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам — жалпы 57 науқас тіркелді» делінген хабарламада. Айта кетейік, бүгін таңертең елордада тағы 2 адам инфекция жұқтырғанын хабарлағамыз.  
Комментарии