Алматыны облыс аумағы бойынша қалай айналып өтуге болады? Карта жарияланды

3165
Adyrna.kz Telegram

Полиция қызметкерлері Алматы облысы аумағында айналма жол сызбасын картада белгіледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін, 19 наурызда сағат 00:00-ден бастап жарияланған карантин ережелерін сақтау, сондай-ақ, мегаполистің көлік қозғалысын азайтуды реттеу мақсатында Алматы полициясы картада облыс аумағы бойынша қаланы айналып өту схемасын белгіледі. Шартты түрде Талғар ауданынан Қарасай ауданына қалай жетуге болады және тағы басқа жолдар бойынша.

Картада үзік сызықпен Алматы облысының елді мекендері арқылы Алматыны айналып өту схемасы белгіленген.
"Тұрғындарды алдын ала жоспарлауға және өз маршруттарын түзетуге, ТЖ және карантин ережелерін бұлжытпай ұстануға шақырамыз. Полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға және короновирустық инфекцияның алдын алу және күрес шараларына түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз", - деді полицейлер.
Пікірлер