Алматыны дабылдың даусы дүрліктірді

4227
Adyrna.kz Telegram

Алматылықтарды қосылған дабыл  қорқытты.  Бүгін 17 наурыз күні кешке 17: 30 қаланың әр бөлігінде карантин енгізілуіне байланысты дабылдың дауысы (сирена) естілді. Бұл ақпаратты мегаполис әкімінің баспасөз қызметі растады. Кейін қалалық ТЖД-де барлық қала бойынша  дабылдатқыш қосылғанын түсіндірді.

"Бұл дүрбелең болдырмау мақсатында халықты хабардар ету бойынша келісілген іс-әрекеттер. Сиренаны естігендердің әрқайсысына радиоқабылдағыштар мен теледидарды қосып, ақпаратты оқып, нұсқауларды орындау қажет", - деп хабарлады ведомстводан.

Бұған дейін белгілі болғандай, Алматыда өтетін пойыздарда 27 блокпост орнатылады. Сонымен қатар қалаға бірінші кезекте қажетті тауарларды, тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдерді, қорғаныс және гигиена құралдарын әкелу үшін "жасыл дәліз" орнатылады.

"Әрқайсымыз үшін ерекше сәт келді. Карантин режимі мегаполистің бүкіл өмірі жаңа ережелер бойынша қайта құрылатынын білдіреді. Карантин қауіпсізідк үшін қажет" деді Алматы әкімі Сағынтаев.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполисте карантиннің енгізілуіне байланысты қала мекемелерін қашықтықтан жұмыс істеуге шақырды. Айта кетейік, балабақшалар карантин кезінде жабық болады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Пікірлер