Сағынтаев қала мекемелерін қашықтан жұмыс істеуге шақырды

2176
Adyrna.kz Telegram

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала мекемелерін мегаполисте карантиннің енгізілуіне байланысты қашықтықтан жұмыс істеуге шақырды.

"Бүгін қаланың мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерін, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың басшыларын өз еңбек ұжымдарының 70 пайызына дейін қашықтықтан қол жеткізуге және қашықтықтан жұмыс түріне ауыстыруға шақырамын", - деді әкім. Оның айтуынша, карантин 19 наурыз күні сағат 00-ден бастап енгізіледі.

 

Бұған дейін белгілі болғандай, карантин режимі Нұр-Сұлтанда да  енгізілуде. Мұндай шешімді Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия қабылдады. Ол Астана мен Алматыда CОVID-19 таралуының асқынған жағдайын ескере отырып, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында қосымша шаралар енгізеді.

Пікірлер