Коронавируспен ауырған әйел жауапқа тартылды

4702
Adyrna.kz Telegram

Алматыда короновируспен ауырған әйел өзімен байланыста болған адамдар туралы мәлімет беруден бас тартқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Хабарламада:

Алматы қалалық полиция департаменті коронавируспен ауырғандардың бірі - азаматша Б-ның санитарлық қызмет жұмысына кедергі келтіріп, вирусқа шалдыққаннан кейін өзімен байланыста болған азаматтардың мәліметтерін беруден қасақана бас тартқанын хабарлайды. Әйел ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабында (Санитарлық ережені немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) көзделген қылмыстың белгілері бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - делінген. 

Алматы қалалық полициясы орын алған күрделі жағдайға байланысты азаматтарды қалалық қызметтерге коронавирус инфекциясын анықтау және алдын алу бойынша барынша жәрдем көрсетуге және жүргізіліп жатқан шараларға түсіністікпен қарауға шақырады.

Айта кетерлігі, бұған дейін Қазақстанда тағы 2 адамның коронавирустық инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Олардың бірі 1959 жылы туған әйел Алматыда стационарда жатқан болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Пікірлер