ОЛЖАС ӘБІЛ: Бізге мемлекетімізді құру керек

2988
Adyrna.kz Telegram

Рейган бұрын Американың кино саласында екінші, үшінші сортты актер болған екен, ол 81 жылы президенттікке үміткер болғанда Америкада "өй мынау нақұрыс сонда бізге президент болмақшы ма?!" деп бұны кекетіп мысқылдаушылар аз болмапты.

Дегенмен, Сингапур көсемі Ли Куан Ю, Рейганды "Америка президенттерінің арасындағы тым өжет, қайсар президенттердің бірі болды" деп суреттейді. Расында Рональд Рейган жауынгер басшы боп шықты.

Рейган билік басына келгенде "Советтің әкесін танытамын, болды асыла беріңдер" деген ұстанымда бопты.
Рейган мен Саудия королі - Фахд екеуі жақсы дос болды. Кейін екеулеп мұнайдың бағасын он долларға шейін түсірді.

Сөйтіп бұл екеуі кезінде Советтің экономикалық сауатсыз, надан басшыларының соңғы ақшаларын қарулануға (гонка вооружения) жұмсатқыза отырып бір елдің (дәлірек айтсақ мемлекетсымақтың) мұнайға тәуелді экономикасын күйретіп күлін көкке ұшырды.
Осы КСРО деген мемлекеттің бүгінгі мұрагері Ресейді, жарықтық американдық сенатор Маккейн кезінде "үлкен бензо баған" (бензоколонка) деп нақты анықтамасын берген еді, КСРО елі кезінде сондай "баған" болатын.

Қазіргі ТМД басшылары да сол советтік надан басшылардан түк айырмасы жоқ нөлдер еді.
Рас, бұлар нағыз нөлдер. Өз елдерінің экономикасының кілтін, миллиондаған халқының тағдырын шөлейттегі Саудтық крандарға байлап қойған ноқайларды нөл демегенде не деуге болады? Бұлар отыз жыл бойы ойларына келген нәрсесін істегенде өз экономикаларын құра алмапты.

Сонда араптар артық крандарын ашса біз қоңыз теріп кететін болсақ, сіздер сонда біз тәп тәуір экономикасы бар толыққанды мемлекет құрдық деп ойлайсыздар ма?

Меніңше, бізге мемлекетімізді құру керек.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер