Кері байланыс
+7 707 676 6977
adyrnaportal@gmail.com

«100 өлең» байқауына қатысып, көлік жеңіп алыңыз!

3911

Assyltas қоғамдық қоры «100 өлең» байқауының басталғанын хабарлайды. 

Бұл жоба — қазақ ақындарының өлеңдерін жаттау сайысы. Абайдан бастап, Шәкәрім, Махамбет, Мұқағали тағы да басқа танымал ақындардың өлеңдері топтастырылған. Сайысқа қатысушы барлық өлеңді жатқа білуі тиіс. Жас мөлшеріне шектеу жоқ. Жеңімпаз 2020 жылдың маусым айында ШҚО, Ақсуат ауылында ұйымдастырылатын «Өнер және спорт фестивалінде» белгілі болады.

Ұйымдастырушылар бас жүлдеге автокөлік сыйламақ. Топтастырылған өлеңдер жинағын 100 өлең сілтемесін басу арқылы жүктей аласыздар!

Бұл байқау туралы "Assyltas" қоғамдық қорының жетекшісі Рауан Оқас әр түрлі шығармашылық байқаулар өзінің лайықты бағасын алмай жүр дейді.

"Осы күнге дейін Абай, Махамбет, Мұқағали, Оралхан Бөкей атындағы оқулардың өткенін білемін. Шыны керек қатысушылардың еңбегі тиісті деңгейде бағаланбай жүр деп толық айта аламын. Біз Абайдың 175 жылдығы қарсаңында "100 өлең" жобасын жүзеге асырмақпыз. Мақсатымыз көркем сөз оқушыларды қолдау. Кез-келген адам бұл байқауға қатыса алады. Жас мөлшеріне шектеу жоқ. Ол үшін біз топтастырған 100 өлеңді жатқа білуі тиіс. Бас жүлдеге автокөлік сыйлаймыз" дейді Рауан Оқас.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар