Абайдың асыл әжесі Зереге ескерткіш орнатылды

4044

Шығыс Қазақстан облысы,  Жарма ауданы, Қалбатау ауылында дүбірлі той болып өтті. Құнанбай қажының анасы, Абайдың  әжесі  Зере (Тоқбала) Бектемірқызына Жарма жұртшылығы жұмылып ескерткіш орнатты деп хабарлайды "BNEWS.KZ"

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы,"Ұлы даланың ұлы аналары" атты іс шара аясында ашылған ескерткіштің орнауына ауыл ақсақалдары рухани демеу болған. Соңғы жылдары Шығыс өңірінде осыған ұқсас біршама нысандар бой көтерген болатын. Атап айтар болсақ,  Тарбағатайда Мұрын ана мен Мақта апаға қойылған ескерткіш, Абай мен Тоғас ескерткіштері және Аягөздегі  Шыңқожа батыр ескерткіші.

Жарма аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Төлеуберді Оразғалиұлы

 Бұл ескерткіштің ұрпақ тәрбиесіне үлкен үлесі бар. Қазіргі ұрпақ тәрбиесі шынын айту керек, біраз ақсап барады. Қазіргі келіндер балаларын ата-әжелерінің тәрбиесіне бергісі келмейді, үлкендер тәрбиесін ерсі көреді. Бүгінгі тарихи сілкіністен кейін, Зеренің ұрпақ тәрбиесіндегі ерен еңбегі бүкіл жұртқа жайылатын болар, содан балалар үлгі алар, өнегелі ұрпақ көбейер.

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket