Әбілхан Аманқұл өзбек боксшысынан айласын асырды

4381
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/03/әbilhan.jpg
Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирдің ширек финалында Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2017) Әбілхан Аманқұл  өзбек бокшысы Фанат Кахрамоновпен кездесіп жеңіске жетті, деп хабарлайды adyrna.kz. Жекпе-жек барысында ширақ қимылдаған жерлесіміз қарсыласына ауыр соққылардың астына алып, 3 раунд бойы үстем өнер көрсетті. Төрешілердің бірауыз шешімен 5:0 есебімен жеңіс Әбілханға бұйырып, Токио Олипиадасына жолдаманы жеңіп алды. ⠀ Әбілхан Аманқұл жартылай финалда  Иран немесе Қытай боксшымен қолғап түйістіреді.  

Ұларбек Дәлейұлы, 

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии