Арман Оспанов «Қара жолбарысты» сұлатып тастады (Видео)

6282
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/03/9983006.jpg
Қазақстандық файтер Арман Оспанов Алматыдағы АСА 105 турнирінің басты жекпе-жектерінің бірінде Расул Мирзаевты нокаутпен жеңді, деп хабарлайды adyrna.kz порталы. Жекпе-жек бастала сала ашық айқасқа шыққан екеуі бір-біріне соққыларын жаңбырша жаудырды. Расул Мирзаев жұмсаған ауыр соққысыдан кейі Арман есеңгіреп қалды. Дегенмен,  қатты соққы әсеріне қарамай,  аса қайсарлықпен Мирзаевқа тіке шабуылға өтті. Бірінші раундтың орта тұсында Арман «Қара жолбарысты» ауыр нокаутқа түсірді. Оның жойқын соққыларынан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты. Сөйтіп, Арман Оспанов өз мансабындағы 11-ші жеңісіне қол жеткізді. https://youtu.be/7YGxyPJfiqQ  

Ұларбек Дәлейұлы

Комментарии