"Елді тек көше ғана құтқарады"

4224
Adyrna.kz Telegram

 

30 жылға жалғасқан мемлекет байлығын талан-таражға салу мен алдап-арбау әлі жалғасып келеді.
Оны Украина, Грузия, Армения, Қырғызстан секілді бірнеше күн алаңда тұрып қана құтылуға болатынын саналаның нобайы білсе керек.
Өкінішке қарай ,көп жігіттер елді алаңнан алыстатып, "ұлтшылмыз"-деген бетперделерімен жан-жаққа бұрып, алдастырғандарына мәз.

"Оян, қазақ!"-деген МірЖақып атамыздың айтқанына да жүз жылдай өтіпті.
Кейінгі жылдары жиі естиміз.
"Сөзден гөрі әрекетке көшуіміз керек"-деп жүрген азаматардың саны күн сайын көбеюде.

Намысты батыл жігіттер митингден қалмайды.

Билікке қарсы партияны тіркемейтінін білсе де , "партия"-деп жүргендерге , азаматтар "Елді тек көше ғана құтқарады"-деп жүр.
Оң сөз! Алла тағала алдарынан жарылқасын!
Кеше фейсбуктен қарап отырсам, кейбірі "көше партиясы"-деп киімдер киіп жүргенді байқадық. Құптарлық!

2018 жылдың сәуірінде Арменияда алаңдарда ереуілдеп, жүз мыңдаған адамдар тұрды. Президенттері өкілеттілігін тапсырып, кейін түрмеге отырды.
Армениядағы митингінің ең ұнағаны бірнеше күн халық алаңда тұрғанымен, жерге бір сіріңке түспеді. Мусор тастаған да ешкім болмапты.
Қазақты әуелі он мыңдап, кейін жүз мыңдап алаңдарда тұрғаны абзалырақ. Ел ертеңі үшін өте қажетті жағдай!

Мұны жұрттың нобайы айтып жүр. Дұрыс!
Бұл бағыт билік қанша кедергі келтірседе күшейе бермек! ИншАлла!
Айтпағым, кішкене ғана бір сөз! "Көше партиясы"-деген жақсы, бірақ, атын сәл өзгертіп, "Алаң партиясы"-деген дұрысырақ.
1. Украина, Грузия, Армения, Қырғызстанда да көшеде емес, алаңдарда тұрып шешілді.
2. Барлық қалада транспортқа кедергі келтірмей жинала алатын жер көше, парк емес, тек қана алаң!
3. Кей халықта "кемені қалай атасаң, солай жүзеді"-деген түсінік бар.
Қазақ тілінің өзінде жіңішке көше сөзінен, алаңның дауыстық, мағыналық т.б тұрғыдан айтары ауқымдырақ!

Менікі, жәй ұсыныс қана. Сөз қуатындарды ұнатпаушы едім. Айтқанды жөн көрдім.

Бұрыннан бірнеше халықтың тілінде бар "майдан" сөзі 2013-2014 жылдан соң, әлем құлақ түретін сөздің біріне айналды.
ИншАлла, бүкіл әлем білетін қазақтың алғашқы сөзі де "АЛАҢ" болуы мүмкін.
Әрекетке берекет!

P. S. Жаратқан иеміздің жар болуымен халық бірауыздан жиналып, жеңіп жатса, еліміздің бір алаңы "Көше партиясының" ең беделді өкілі, марқұм Дулат Ағаділ бауырымыздың атымен аталуы керек!

Алданазар ЖАЙЛЫҰЛЫ

Пікірлер