Короновирус: Ұлттық олимпиада комитеті мәлімдеме жасады

3501
Adyrna.kz Telegram

ҚР Ұлттық олимпиада комитеті коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы комитеттің сайтында жарияланды деп хабарлайды "Адырна".

Ұлттық Олимпиадалық комитетінің отандық спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қатаң шаралар қолданатыны және коронавирусқа байланысты елдің олимпиадалық басқармасында келеңсіз жағдайдан сақтану мақсатында арнайы штаб құрылғанын мәлімдейді. Ұлттық құрамалардың жарыс және жаттығу кестесі қарастырылады екен. Комитет қолдан келген шаралардың қолданамыз дейді.

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарының денсаулығын қорғау мақсатында кешенді шаралар қабылдауды тапсырды.
Осыған байланысты Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев ұлттық құрамалардың қауіпсіздігін бақылауды күшейтетінін мәлімдеді.

"Ұлттық Олимпиадалық комитет үшін спортшылардың денсаулығы өте маңызды. Сақтық шараларымен қатар, қауіпсіздік шараларын да күшейту қажет. Бізде ұлттық федерациялармен бірге коронавирустың таралмауы және қазақстандық спортшыларды індеттен қорғау бойынша алдын алу шараларына қатысты біртұтас және берік ұстаным болуы керек. Алдын алу шараларының барлығын қолдану керек", - деді Тимур Құлыбаев.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер