Home » Айдарлар » Тарих » Қытай және Қаңлылыр мен Ғұндар.

Қытай және Қаңлылыр мен Ғұндар.

Дахата, Жючюан және т.б. ұсақ аймақтар мен Батыс елдері оңтүстік жолындағы сегіз мемлекет әpi-бepi сабылып жатқан адамдарды азық-түлікпен,ат-көліктерін жемшөппен қамдаймыз деп ауыр жүк арқалап отыр. Шалғайда жатып менменсіген, алаяқ елдің елшілерін қарсы алып, шығарып салу үшін жол бойындағы елдерді бостан-босқа шығындату, аздырып-тоздыру тым үйлесімді шараға жатпайды»,- деп талай рет датнама жазды. Бipaқ Қаңлы барыс-келісін жаңадан бастаған ел болғандықтан, ат-атағын алыс түпкірлерге дейін жаюды көздеген Хән әулеті онымен қарым-қатынасын үзбей сақтап қалды».

Kөpiп отырмыз, Қаңлы Қытайдан ең қашық орналасқан түркі тайпаларының бipi, сондықтан да қытайлықтар онымен барыс-келіс орнату керек пе, жоқ па деген мәселені үздіксіз талқылаған. Сонымен бipгe ғұндардан тайсалғандықтан, қытайлықтар Каңлының ханының Қытайға тәуелді болғанын қалайды.Өйткені Қытаймен өмip бойы тайталасып келе жатқан ғұндар, қаңлылардың Қытайды көзге ілмегенін байқаса, Қытаймен санасуды қоюы мүмкін еді. Мұны Қытай билеушілері жақсы ескерді және сондықтан да Қаңлымен қарым-қатынасты үзбеу керек деген пікірге тоқталды.

Әрине, Қаңлыны тәуелді ету үшiн оның төңірегіндегі көршілерін де жақсы білу қажет еді. Сондықтан да қытай жылнамалары Қаңлының айналасындағы елдер туралы да нақтырақ мәлімет беруге күш салған. Мысалы, олардан «Қаңлының солтүстік-батысында шамамен, 2 мың ли қашықта Аорс (Абзой) елі тұрады. Бұл елдің 100 мыңнан аса оқшысы бар. Әдет-ғұрпы қаңлылармен ұқсас. Бұл жағасы жайдақ телегей теңізге тақау орналасқан. Солтүстік теңіз деген ол болар», – деген жолдарды оқимыз.

Қытай жылнамаларындағы қаңлылардың көршісі туралы деректер қаңлының өзінің шаруашылығын және ішкі-сыртқы саясатын жақсырақ білуімізге көмектесетінін айтпасқа болмайды. «Дад-уан елі астанасы – Касан қаласы. Чан-эннан 12 мың жүз 50 ли шалғай. 60 мың түтін, 300 мың жан, соғысқа жарамды 60 мың адам бар. Бірден жандас хан және санат хан тағайындалады. Дад-уанның шығысынан басқақтық тұрған жерге деінн 4013 ли, батысынан қаңлының Бетен каласына дейін 1510 ли, оңтүстік-батысынан Ұлы Нүкіске дейін 690 ли Солтүстігі Қаңлымен, оңтүстігі Ұлы Нүкіспен іргелес. Онын жер бедері, әуе ықылымы, өнімдері ұлттық әдет-ғұрпы Ұлы Нүкіс, Парфия елдерімен қарайлас Дад-уанның шығысы мен батысында жүзімнен шарап ашытылады. Байлардың үйлері 10 неше мыңнан шарап сақтайды. Шараптары әлденеше он жыл тұрса да бұзылмайды. Халқы салтынан шарапқа құмар келеді. Жылқылары жоңышқамен бағылады.

Дад-уанда 70-тен астам қала-кент бар, тұлпар тұқымды жылқы көп өседі. Атақты қан көбік – тәңірлік cәйгүлiктiң тұқымы деген аңыз бар. Дад-уанның тұлпар тұқымды жылқысы туралы Хән Удиге ең алғаш мәлімет берген адам – Жаң Чяң. Хан-Уди осыдан кейін елші арқылы мың алтын және алтын тұлпар мүсінін жіберіп, онан тұлпар тұқымын сұратты. Аса шалғайда жатқан Хән әулетінің қалың қолы бұл араға келе алмайды деп ойлаған Дад-уан ханы тұлпар тұқымды жылқыларын беруге қимапты. Содан Хән елшісі Дад-уан ханына тіл тигізгендіктен, Дад-уан ханы оны өлтіріп, алып барған заттарын тартып алыпты. Сонымен Көктің ұлы Нейс санғұны Ли Гуаңлиды ілгерінді-кейінді 100 мыңнан аса қолмен Дад-уанға жорыққа аттандырды, бұл жорық 4 жылға созылды.

(жалғасы бар)


Ардақ БЕРКІМБАЙ

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Алашқа тірек болған бай Әбдірахман

Былтыр және алдыңғы жылы, Алаш Орданың 100 жылдық мерейтойы өткен кезде, қоғамымызда Алаш үкіметін құрған ...