"Қайратқа"  "Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы ойыншысы ауысты

2369
Adyrna.kz Telegram

"Партизанның" 32 жастағы жартылай қорғаушысы Зоран Тошич карьерасын алматылық "Қайратта" жалғастырады, - деп хабарлайды сербиялық Telegraf.rs порталына сілтеме жасаған Tengrinews. 

БАҚ-тың мәліметінше, футболшы белградтық команда сапында үш матч өткізеді, сол уақытқа дейін Қазақстанда барлық әкімшілік мәселе шешіледі. Келісімшарт екі жылға жасалады.

Тошич "Қайратпен" келіссөз жүргізу үшін Алматыға келіп кеткен, кейін алматылық клубтың өкілдері Сербияға барған. Футболшы "Қайраттың" қаржылық шарттары ұнаған соң ұсынысты қабылдаған.

Айта кетейік, Тошич 2008/2009 жылғы маусымда "Манчестер Юнайтед" сапында Англия чемпионы болған. Сондай-ақ мәскеулік ЦСКА құрамында РПЛ-дің үш дүркін чемпионы атанған, чемпионатты үш рет күміс, бір рет қола медальмен аяқтаған. Сонымен қатар, ол Ресей кубогы мен Суперкубогын екі рет иеленген. "Партизанмен" бірге Сербия чемпионатында топ жарған.

Пікірлер