Әзімбай Ғали: Биліктен қазаққа қолдау жоқ

3669

Кеңес Үкіметі саясаты қазаққа зауалды болғаны белгілі, ал Егемендік тұсында Биліктің мемлекетшілдік пиғылы, өкінішке орай, байқалмайды. Мемлекетіміздің атамекен мен отанды аман есен сақтау әрекеттерін көрмей жүрмін. Мүмкін Қордай ылаңы , соның салдарынан сабақ пен тағлым алатын болармыз. Алдымен Ассамблея саясаты концепциясын қайта қарастырған жөн. Әр саясат акценттері жаңа приоритеттерге сәйкес өзгереді.

Қазіргі саясат 1990-шы пайда болды. Кезінде бұл ұстанымдар дұрыс болғанға ұқсайды, бірақ уақыт өткен сайын бұл принциптер көмескілене бастады. Себебі қазақ саны өсті, мемлекетіміз аяғына нық тұрды, әлемдік субъект ретінде мойындалды. Енді заңды түрде ескі  ұстанымдар өзін ақтамайтын болғаны белгілі. Бұрын қазақ ұлтының заңды құзырын кемсіту жүрді, мәселең , ал бүгінгі таңда мемлекеттік тіл құзыретін көтеретін кез келді. Егерде қазақтың заңды мүддесі қорғалмаса биліктің абырой төмендейді-десакрализация үрдісі басталмақ. Бұл дегеніміз ұлттық дағдарыс басталуы ықтимал. Қазақ төзімді халық- әлеуметтік, экономикалық келеңсіздікке көніп келеді, себебі мемлекетті сақтау мақсаты маңызды еді. Билік қазақтың құндылықтарына нигилистік тұрғыдан қарайды. Айталық қазақ тілі мен мектебін қолдауын байқамаймын, әсіресе университеттердегі қазақ бөлімдеріне қолдау жоқ демекпін. Қазақ бұқарасы қазақ мектебіне бетбұрыс жасады, 92% қазақ баласы қазақ мектебіне баратын болды. Латыншаны қазаққа жазбасына енгізу қазақ тілінің дамуына диверсия демекпін. Біз араб, латын, қазақтанған орыс болдық , енді міне қайтадан  латын әліппесіне көштік, сонда қанша соққыдан өттік, ал орыстар тиянақты алфавитінде отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket