«Алашорда» қоғамдық қорының Әлихан Бөкейханұлының 150 жылдығына байланысты халыққа үндеуі

2716

АЛАШ АЗАМАТТАРЫНА АШЫҚ ХАТ!

Өзіміз ғана бүкіл әлем алдында Қазақ-Алаш елінің абырой-беделін құтқара аламыз. Сол үшін осы жылы Әлихан Бөкейханның 150 жылға толатын мерейтойын халықаралық деңгейде лайықты атап өтуге баршамыз бір кісідей атсалысайық.

Екі ай бұрын ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы Әлиханды «шынайы бүкіл әлемдік даңқты тұлға»деп танып, биылғы 150 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шараларға қатысуы жайында Қарар қабылдады.

      Әлихан Бөкейхан ХХ ғасыр басында қазақтың жаңа үлгідегі ұлттық мемлекетін құрумен қатар, оның қазіргі мемлекеттік шекарасын – ҚазақАКСР-ның (1936 жылдан кейін - ҚазКСР) шекарасын белгілеп, заңдастыру ісінде де теңдессіз тарихи роль атқарды. Осылайша ол қазіргі Қазақстанның іргетасын қалап, биыл 25-жылдығы тойланатын Тәуелсіздігімізге жол салып берді.

А.Н.Бөкейхан кейінгі ұрпаққа теңдессіз бай мұра қалдырды (монографиялар, іргелі зерттеулер, баяндамалар, ашық хаттар, үндеулер, мақалалар, хаттаржәне т.б.). Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-і «Алаш» ғылыми-зерттеу институты және осы жолдардың авторы ол мұраны 25 жыл бойы КСРО және ҚазКСР КГБ-сы, РФ ФҚҚ менҚР ҰҚК, сондай-ақ Мәскеу, С.-Петербор, Қазан, Омбы, Самара, Том, Алматы, Семей, Ташкент қалаларының мұрағат-музей-кітапханаларынан іздеп, зерттеп келеді. Бүгін «Алаш» институты  «Алашорда» қорымен бірлесіп  «Әлихан Бөкейхан. Шығармаларының 16 (18) томдық толық жинағын»және «Әлихан Бөкейхан: Алаш-Ордаға...ешқандай санкция қажет емес»атты 2-томдық монографияны баспаға дайындады. Аталған кітап пен көптомдық жинақ қажетті қаражат табылған күнідереу жарық көреді.

1917-1920 жылдары жаңа форматта құрылған Алаш қазақ мемлекеті қатардағы қарапайым қазақтар мен байлардың қаржысына ұйымдастырылып, қызмет істегенін тарихымыздың өзі айғақтайды.

      Осы орайда, ардақты Алаш азаматтары, Отанымыздың тарихына, жерінің, ұлт азаттығы мен тәуелсіздігі жолында жанын қиып, қазіргі Қазақстанның қалыптасуына өшпес үлес қосқан тарихи тұлғаларға немқұрайды қарамайтын әрқайсыңыз, Әлихан Бөкейханның есімін мәңгілік есте қалдыруға үлес қоса аласыз.


«Алашорда» қоғамдық қоры

ИИН: 000940007148

КБЕ: 17

Есепшот №: KZ86914398416BC11601 (KZT)

Есепшот №: KZ19914012203US000VR (USD)

Құрметпен,

Сұлтан Хан Жүсіп,

  «Алашорда» қоғамдық қорының директоры, 

Астана, 01.02.2016 ж.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket