Польшадан ұтылған «Барыс» ЦСКА-дан мықты шықты

2740
Adyrna.kz Telegram

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін Нұр-Сұлтанның «Барыс» командасы сырт айдында Мәскеудің ЦСКА командасынан басым түсті. Есеп – 3:2.

Жуырда ғана Нұр-Сұлтанда хоккейден олимпиадалық іріктеу турнирінде негізгі құрамы «Барыс» ойыншыларынан құралған Қазақстан ұлттық құрамасының хоккейшілері Польша құрамасынан 2:3 масқара болып ұтылған еді. Осы жеңілістен кейін іріктеудің келесі сатысына өте алмай қалған.

Бір қызығы «Барыстан» ұтылған ЦСКА командасы 86 ұпай жиып, Құрлықтық хоккей лигасының Батыс конференциясында бірінші орында келеді.  Әрі аталған чемпионаттың өткен жылғы жеңімпызы атанған. Ал «Барыс» ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында үшінші 77 ұпаймен үшінші орынға жайғасқан. «Барыстың» алдында 82 ұпайы бар «Авнгард» пен 85 ұпай жинаған «Ақ Барс» командалары бар.

ҚХЛ-дың 5 турдан кейін айналымдық жүйедегі кездесулері аяқталып, плей-офф кезеңі басталады.

Пікірлер