"Дүңгендер қазақ тілін оқымаймыз, бізге өз тіліміз керек" дейді (видео)

33954
Adyrna.kz Telegram

Қордайда болған қақтығысқа байланысты халықтың арасында қызу пікірталас әлі де басылар емес.  Осы қақтығысты пайдаланып бұқараны одан әрі арандатуға жол беріп отырғандар да бар.

Дегенмен, бақсақ жағдай басқаша екен демекші, жергілікті тұрғындардың берген сұхбатынан бұл қақтығыстың бір күнде бұрқ ете қалмағанын байқаймыз. Мәселен, 7 ақпан күні соққыға жығылып, дүңгендерден таяқ жеген ақсақалдың ұлының берген сұхбатына және жергілікті тұрғындардың пікіріне жүгінсек, дүңгендер тіпті заңға да бағынбай кеткен.

"Бізді ұрғандарды полиция сол күні босатып жіберді. Артынан "білейін" деп барып сұрадым. Босатып жіберген. Оларды заң бұзып ұсталса бірден босатады. Ал бізді жазалайды. Дүңгендер заңға бағынбайды. Бұған дейін де қаншама жайттар болды. Олар құтылып кете береді. Олар "жынды" деген анықтама алып алады. Бұған қоса ажырасып кетті, жалғызбасты ана деген анықтамалар алып алады. Сосын мемлекеттен берілетін жәрдемақыны солар алады. Ал шындап келгенде олар отбасымен бірге тұрады. Бұл арада заңсыздық көп",-дейді соққыға жығылған ақсақалдың ұлы.

Сондай-ақ жергілікті тұрғындар "Олар жер сендердікі билік біздікі дегенді де айтады. Мектепте сабақ үстінде 10-11 сынып оқитын дүңген балалары "бізге қазақ тілі керек емес, қазақ тілін оқымаймыз, өзіміздің тіліміз керек, математика керек болды" деп айтады. Олар заңға бағынбайды. Бірақ сүттен ақ судан таза болып отырады" дейді.

 

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер