Home » Айдарлар » Адырнама » «1920-1930-шы жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық және алаш азаматтары» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция

«1920-1930-шы жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық және алаш азаматтары» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция

Куғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Алматы қаласы әкімдігі, Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі»  қоғамдық қоры ҚазҰУ-дың әл-Фараби кітапханасында «1920-1930-шы жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық және алаш азаматтары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция (2015 ж. 27 мамыр, сағат 11.00-де) өткізеді.

Мақсаты – Кеңес Одағы кезеңіндегі Қазақстан жерінде орын алған ашаршылықты, қуғын-сүргін құрбандарын, олардың тарихын, ұлт зиялыларының ел мүддесі үшін күресін, сондай-ақ, ашаршылық кезіндегі тарихи шындықты насихаттау, еліміздегі ғалымдардың, зерттеушілердің талдаулары мен ой-пікірлерін ұсыну, жалпы халыққа тарихи болмыстың шынайы ақиқаттарынан хабар беру, осы тұстағы тарихи ақтаңдақтарды анықтау.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БАҒЫТТАРЫ:
1. Түркілік және алаштық идеядағы қоғам қайраткерлерінің ашаршылық мәселесіне байланысты жұмыстары;
2. Кеңес үкіметінің идеясын мақұлдаған қоғам қайраткерлерінің ашаршылық мәселесіне қатысты жұмыстары;
3. Ашаршылықтың тарихи шындығын анықтау мәселелері;
4. Халықты ашаршылықтан құтқару мәселесімен айналысқан зиялылардың бастан кешірген нәубеті.

Ғылыми мақалалар мен баяндамаларды 20-ші мамырға дейінгі аралықта adyrna@bk.ru электронды мекен-жайына жіберулеріңіз керек. Материалдарды арнайы ғылыми жинақ ретінде шығару жоспарланып отыр.

Жобаның серіктестері:  Қазақстан «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы,  ҚР саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультеті, ТүрікСой кафедрасы

 

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

БӘЙГЕ! БӘЙГЕ! БӘЙГЕ! “Туған жер” шығармашылық байқауына қатысуға шақырамыз!

  «Туған жер» шығармашылық байқауының  ЕРЕЖЕСІ   Байқаудың мақсаты – жастардың патриоттық шығармашылығын дамыту. Байқаудың ...