ЮНЕСКО-ның 2016 жылды Қожа Ахмет Ясауи жылы деп жариялауына орай Анкарада жиын өтті

2660
Adyrna.kz Telegram

Шарада мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттеріне ойшылдың өмірбаяны мен еңбектері таныстырылды. Сондай-ақ, түрік елінің атақты ғалымдары жастарға Ясауи өлеңдерінің мән-мағынасын түсіндірді.

Сонымен қатар, Анкара ауданының балалар хоры ақынның шығарламаларын орындап, шағын концерттік бағдарлама қойды.

«2016 жылды ЮНЕСКО-ның Қожа Ахмет Ясауи жылы, деп жариялауы күллі түркі әлемі үшін қуанышты хабар. Біздің ендігі мақсатымыз, ұлы ойшылымызды кеңінен насихаттау. Қазақ-түрік университеті бір жылдық жоспарын бекітіп қойды. Мысалы, сәуір айында Түркияда халықаралық конференция ұйымдастырып, одан кейін Ясауи өлеңдерін мәнерлеп оқудан жастар арасында жарыс өткіземіз.  Сондай-ақ Қазақстанда да бірнеше шара өткізу жоспарланған»,-дейді Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті кеңесінің төрағасы Мұса Йылдыз. 

Пікірлер