"Қорғас" шекарамаңы орталығы уақытша жабылды

3584
Adyrna.kz Telegram

Қытайда коронавирустың жаңа түрінің өршуіне байланысты қазақ-қытай шекарасындағы "Қорғас" шекарамаңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының жұмысы уақытша тоқтатылды деп хабарлайды "Адырна"  KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

Асқар Мамин кеңес қорытындысы бойынша бірқатар кешенді алдын алу шараларын қабылдауды жүктеді. Соның ішінде "Қорғас" ШЫХО-ның қазақстандық бөлігінің жұмысын уақытша тоқтату тапсырмасы бар.

Еске сала кетсек, өлімге әкелетін коронавирус Қытайдың барлық провинцияларына таралған. Елдегі науқастардың саны 1300-ге жетті, 40-тан астам адам жапа шекті.

Бұған дейін өлім вирусының "отаны" болған аспан асты елінің қаласында коронавирусты жұқтырған барлық науқастар орналастырылатын емхана салу жоспарланып отырғаны айтылды. Медициналық мекеменің құрылысын 6 күнде аяқтау жоспарланған.

Одан бөлек, Қытайдың патогендік микроорганизмдерді сақтау ұлттық ұйымы коронавирустың жаңа түріне қатысты ақпарат пен оның электронды микроскоп көмегімен жасалған алғашқы суретін жариялады.

Айта кету керек, Қазақстанда қауіпті инфекция оқиғалары болған жоқ.

Бүгін Тоқаев Қытайдағы коронавирустың елімізде таралуының алдын алуды тапсырды.

Осыған байланысты Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин жиын өткізді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер