Біз салафизмнің себебімен емес, салдарымен күресіп жүрміз

1378

Салдарымен күресе бергенше түпкі себептерін жою керекпіз. Діни экстремизм және радикализммен нақты тәжірибеде жүзбе-жүз күресіп жүрген сарапшы-мамандар мәселенің түпкі себептерін емес, көбіне көп салдарын жоюға күш жұмсайды. Діни қауіпсіздік мәселесімен шұғылданатын мемлекеттік органдар да негізінен реаблитациялық және дерадикализациялық бағытта жұмыс істейді. Бірақ, тәжірибеге қарайтын болсақ, аталмыш мемлекеттік органдар діни экстремизм мен радикализмнің көбінесе салдарымен күресіп, олардың қоғамға келтірген зияндарының орнын толтыруға басымдық беріп жатады. Осылайша діни шетін көзқарастар мен қатқыл ұстанымдардың келтірген зардаптарымен ғана күресетін болсақ, онда тақау жылдарда діни экстремизм мен радикализм мәселесі қауіпсіздік саласының негізгі тақырыбы болып қала береді деген сөз.

Шынтуайтында, діни экстремизм мен радикализм мәселесінің қаупін сейілту үшін салдарымен бірге оның түпкі себептерін жоюға мән беруіміз керек. Ал, түпкі себептерін қандай қоғамдық факторлар құрайды? Біз тек діни экстремизм мен радикализмнің салдарына басымдық берместен, осы мәселелерге де жіті назар аударуымыз қажет. Діни экстремизм мен радикализмге итермелейтін себептерді анықтау арқылы біз мәселенің түпкі сырын біле аламыз. Ол үшін бүгінгі күнге дейінгі діни экстремизм және радикализммен нақты тәжірибеде күресіп жүрген теолог-мамандардың ой-тұжырымдарын зерделеуіміз шарт. Яғни, бұл мәселенің алдымен шығу тегі мен оған итермелейтін факторларды анықтасақ, шешімін табу қиынға соқпайды.

Мұхан Исахан,
Дінтанушы. PHD докторы.
ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің мүшесі.
ШҚО дін мәселелерін зерттеу орталығының тапсырысы бойынша

Пікірлер