Он төрт қарсыласын жеңген қазақ боксшысы алғаш рет нокаутпен ұтылды – виде

468
Жартылай орта салмақтағы он раундтық жекпе-жек техникалық нокаутпен аяқталды. Бақтияр Эюбов екі рет нокдаунға түсті

НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық боксшы Бақтияр Эюбов (14-1-1, 12 КО) қатарынан екінші рет жеңілді, деп хабарлайды Sports.kz. Бұған дейін ол АҚШ боксшысынан ұпай санымен ұтылған болатын.

Атлантик-Сити қаласында (АҚШ) 33 жастағы қазақстандық бірде-бір рет жеңілмеген америкалық Джарон Энниспен (24-0, 22 КО) жұдырықтасты. Жартылай орта салмақтағы он раундтық жекпе-жекте Эннис техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бар-жоғы төрт раундқа созылған кездесуде қазақстандық екі рет нокдаунға түсті. Бұл жекпе-жектің үзіндісін төменде көруге болады.

Эюбовтың бұл кәсіпқой рингтегі екінші жеңілісі: алдыңғы жекпе-жекте ол тағы бір америкалық Брайан Себальоға (11-0, 6 КО) төрешілер шешімімен есе жіберген болатын.Ал Эннис 23-рет нокаутпен ұтты. Ол 25 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

 

Пікірлер